BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE

АУЫЛДАҒЫ МЕРЕКЕ

Жамбыл ауданының 95 жылдығына орай ауданда «Ауылым – алтын бесігім» өнер байқауы өтуде. Бұл жарыста әр ауылдық округ өз ерекшеліктерін алға тарта отырып, жеткен жетістігін көрсетіп, халыққа өнерлерін паш етуде. Аталған жарыс қараша айының соңына дейін барлық ауылдарда жалғаспақ. Кезекті дода Ерназар ауылдық округінде өтті.

Ерназар қазақы қаймағы бұзылмаған ауылдардың бірі. Оған дәлел бүгінгі мәдени іс-шараның ұлттық нақышта өрнектелуі. Ауылдық мекеме мамандарын қоспағанда қариялар да мерекеге сән салтанатымен киініп, немерелерін ертіп келіпті. Ән шырқалып, балалар алтыбақан теуіп мәз-мейрам. Спорттық ойындардан да жарыстар өтті. Ауыл жетістігін паш ететін көрме қойылды.

– Ауылымыз аман болсын, ынтымағымыз аман болсын, бірлігіміз аман болсын. Осындай іс шара әр жерде, әр елді мекенде өте берсін. Ғажап қызықтар бола берсін. Біз соған куә болып жүре берик,-дейді Өмірзақ Ақбердіұлы, ауыл тұрғыны

Халықтың көңіл-күйі көтеріңкі. Өйткені ауылда тұрғындарға қажетті әлеуметтік нысандар соғылып, қалыпты жұмыс істеп тұр. Өткен жылы мұнда табиғи отын мен таза ауызсу да кірген. Тіптен жастардың бос уақытының тиімді ұйымдастыру үшін кіші футбл алаңы соғылды. Көңілі жәй халық бас қосып, бір мәре-сәре. Хал сұрап, концерт тамашалап қуанып қалдық дейді.

– Осы мерекеге мектепке дейінгі ұйым Жәнібек бақшасы атынан келіп отырмыз. Өзіміздің өнерімізді көрсетіп тамашалап отырмыз. Әр кімнің кіндік қаны тамған жері ауылдым ауылы болады. Біздің осы Ерназар ауылымызда үлкен дүбірлі той болып жатыр. Біз өте ризамыз,-дейді Гауһар Төлебаева, ауыл тұрғыны

Халық арасында «Батырлар ауылы» деп аталған елді мекенде 8 азамат Социалистік Еңбек ері атанған. Басқа салада да ел таныған айтулы азаматтары тағы бар. Бұл жолы ауылына сәлем жолдап келген, өнерпаздар ән шырқады. Бишілер билеп, келіндер салт-дәстүрді жаңғыртып, ауылдағы бірліктің-татулықтың үлгісін көрсетті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *