ІРІ ӨНДІРІС ОШАҒЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Жамбылда жаңа өндіріс ошағы іске қосылды. «Каз Каспий Гидро Сельхоз Технология» ЖШС тамшылатып суару жүйесін шығарады. Мамандар кәсіпорын келесі вегетациялық маусымға толығымен дайын отыр,- деп хабарлайды «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.
Тамшылатып суару жүйесін шығаратын өндіріс ошағы жамбылдық шаруалар үшін тиімді болмақ. Ал жоба құны – 2,8 млрд. теңгені құраған. Мұнда жылына 20 мың гектарға дейінгі алқапты тамшылатып суаруға қажетті жабдықтар өндіріледі. Қазіргі уақытта кәсіпорын келесі вегетациялық маусымға толығымен дайын. Фермерлерге 6 000 гектар суару жабдықтары берілмек.
-Су үнемдеу технологиясын іске қосып отырмыз. Өте қуаныштымыз дейді. Қазір бізде 4 линия қосылып тұр дейді турба шығаратын. Бір күнде қазір 4 линия 30 тонналық срнек қолданады. Және 30 тонналық турба шығады дейді,- «Каз Каспий Гидро Сельхоз Технология» ЖШС бас директоры Бин ФУ.
Әзірге мұнда 30 жаңа жұмыс орны құрылған. Өндіріс толық қуатына шыққаннан кейін жұмыс орындарының саны екі есеге артады дейді жауаптылар. Өз кезегінде Ербол Қарашөкеев өндіріс ошағына қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Айта кетейік, облыста суармалы жердің көлемі 181,8 мың гектарды құрайды. Оның 127,3 мың гектары жерүсті әдісімен суарылады. Ал 28,5 мың гектар алқапқа жаңбырлатып суару, 11,5 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі пайдаланылады. Енді биыл 10 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілмек. Осылайша жалпы көрсеткіш 64,5 мың гектарға дейін жетеді деп күтілуде.