«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫП ЖАТЫР
Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту мақсатында 4 жыл бұрын елімізде «Ауыл – Ел бесігі» жобасы қолға алынған еді. Игі бастама біздің өңірде де жүйелі түрді іске асырып келеді. Биылдың өзінде 98 елдімекенді дамыту көзделген. Бүгін осы бағыттағы жұмыстарды пысықтау үшін облыс әкімінің қатысуымен алқалы жиын өтті.
Жалпы Жамбыл облысында 371 елдімекенде 1 миллион 220 мыңнан астам адам өмір сүреді. Ал оның 367-сі ауылдық жерлер деп алсақ, онда 700 мыңға жуық азамат тұрады. Мамандар сөзінше елдімекендерді іріктеу кезінде облыста даму әлеуеті жоғары 239 ауыл анықталған. Ал 128 де тұрмыстық жағдай орташа немесе төмен деп бағаланған.
– 2023 жылы жоба аясында 98 елді мекенде құны 15,7 млрд теңгені құрайтын 301 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бөлінген қаражатқа 56 нысанның құрылысы, 8 күрделі жөндеу, 237 орташа жөндеу жоспарланған. 920 жұмыс орны ашылады деп күтілуде,-дейді Сандуғаш Әбдрәлиева , ЖО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
Басқарма басшысының айтуынша 9 айда 159 жоба пайдалануға берілген. Жамбыл және Қордай аудандарында 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Байзақта 2 денсаулық сақтау нысаны, Мерке мен Қордай аудандарында 3 мәдениет үйінің құрылысы аяқталып отыр.
– Облыс әкімінің орынбасарларына, әкімдерге, басшылыққа тапсырма беремін!!! «Ауыл – Ел бесігі» жобасының орындалу барысын бақылау. Бұл жоспар ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Мердігер кешігіп қалса, сіз хабардар болуыңыз керек. Болып жатқан барлық нәрседен хабардар болыңыз,-дейді Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі
Жалпы республика 6 293 ауылдық елді мекен бар. Онда 7,8 млн-ға жуық адам тұрады. Биыл «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру үшін даму әлеуеті жоғары, ауыл тұрғындарының 90%-ы тұратын 3,5 мың ауылдық мекен іріктеліп алынған.