BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Ұстаздар жас ұрпақты тәрбилейтін, ізгілікке баулай білетін адам. Қазіргі қоғамда мұғалімдердің еңбегі орасан. Осыған орай Тараз қаласында Баласағұн орталық концерт залында ұстаздар күніне арналған «қалдырған ізің мәңгілік…» атты мерекелік шарасы өтті. Жиынға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Жамбыл облысында 40 мыңға жуық педагог жұмыс істейді. Биыл 14 жамбылдық ұстаз республикалық байқауда жеңімпаз атанса, 31 мұғалім халықаралық байқауларда жүлделі орындарға ие болған. Ал мерекелік жиында Ербол Қарашөкеев өңірдегі білім және денсаулық сақтау салаларына өзгерістер енгізу бойынша жоспарларымен бөлісті. Бұдан былай мектеп, колледж директорлары, ауруханалардың бас дәрігерлерінің бос лауазымдарына конкурс әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетілмек.

– Елімізде ұстаздардың еңбегін жоғары бағалау, жыл сайын олардың еңбек ақысын көтеру, біліктіліктерін арттыру және жұмыстарын жеңілдету шаралары қабылдануда. Ол жұмыс жалғасатын болады. Педагогтердің алаңсыз шығармашылық пен айналысып еңбек ету үшін барлық жағдай жасалуда. Оқушы зердесіне дарытып, білімінің бағдары, ұрпақтың бағбаны болып жүрген ұстаздардың еңбегі орасан,-дейді Ербол Қарашөкеев, жамбыл облысының әкімі

Мерекелік шара барысында білім саласының дамуына үлес қосқан ұстаздар «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, «Еңбек ардагері» медалі, облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатымен марапатталды. Олардың қатарында «Үздік әдіскер» номинациясымен марапатталған Жазира Есмұрзаева да бар.

– Ұстаздар күніне байланысты міні бүгін мен өзім облыс әкімінің 150мың сертификаты мен марапатталып жатырмын. Мен өте қуаныштымын. Кеше күні ғана өткен өзіміздің президентіміздің Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың педагогтерге арналған сьезі болып өтті. Сьезде кім кімнің де жақсы, адам мықты маман болуы ұстазға байланысты болатын деген болатын. Әрине ұстаздарға артылған жүк өте жеңіл емес. Енді барша осы ұстаздар қауымын төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Дендеріне саулық, бастарына амандық, жұмыстарына шығармашылық табыс тілеймін,-дейді Жазира Есмұрзаева, №5 «Ақжелкен» бөбекжай-бақшасының әдіскері

Жиын соңында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *