BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ОБЛЫС ӘКІМІ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ БАРДЫ

Бүгін өңір басшысы Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының полиция департаментіне барды. Жұмыс сапары барысында Департаменттің жұмысымен толығырақ танысты.

Ербол Шырақбайұлына “арқан”, “Автоураган” және “АвтоСканнар”электромобильдері мен мобильді кешендері таныстырылды. Жауаптылардың айтуынша, полиция қызметкерлерін заманауи отандық электр көліктерімен қамтамасыз ету жоспарлануда. Олар өз кезегінде қол жетімді және қиын ауа-райына төзімді болады. Сонымен қатар жақын арада Жамбыл полициясының автомобиль паркі тағы 25 бірлікке толықтырылады.

Сондай-ақ арнайы бөлімшелердің қару-жарағын көрсетіліп, ПД ЖБО жұмысы мен бағдаршам объектілерін реттеу жүйелерінің таныстырылымы өтті.

– Облыс әкіміне Жамбыл облысы полиция департаментінің жұмыстары көрсетілді. Жедел штаб, қызметкерлер, киім коды қалай жұмыс істейді. Қандай көліктер, қарулар бар,-дейді Жайдарбек Құттыбаев , ЖО ПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы

Айта кетейік биыл 9 айда мобильді кешендер көмегімен 94 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Азаматтарға 1 млрд.247 млн. теңге сомасында айыппұл салыныпты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *