BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

«ШЫРҚА ДАУСЫМ»: ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

К.Әзірбаев атындағы облыстық филармониясына 55 жыл толды. Осыған орай Таразда «Шырқа даусым» ХІ республикалық дәстүрлі әншілер конкурсы өтті. Байқауға 18 бен 35 жас аралығындағы дәстүрлі әншілер бақ сынады.

Кенен Әзірбаев атындағы дәстүрлі конкурсқа жалпы 55 өтініш келіп түскен. Олардың ішінен тек 23-і шақырту алған. Ал сайыс 2 кезеңнен тұрды. Бірінші турдан сүрінбей өткен 13 өнерпаз ақтық сынға жолдама алды. Өз өнерімен елді тәнті еткен Нұрсұлтан Елемес бас жүлденің қанжығасына байлап қайтты.

– Бүгін ұйымдастырушыларға көп көп алғысымды айтамын. Өнерімді бағалап бас жүлдені қанжығама байлап жатыр екен. Сайыс өте керемет өтті. Қарсыластарымда өте керемет, мықты қарсылас болды. Әрине күтпеген жағдай болды. Бірақ бәйге болғаннан кейін бірінің бабы шапса, бірінің бағы шабар. Бүгін менің бағым жанған шығар деп ойлаймын,-дейді Нұрсұлтан Елемесов, байқау жеңімпазы

Байқау жеңімпаздарына қаржылай сыйлықтар табысталды. Сондай ақ Мерей Абуева «Кенен ата» қорының арнайы жүлдесіне ие болды. Ал 7 өнерпазға дипломмен берілсе, ал 11 өнерпазға алғыс хат табысталды.

– Қара домбырасын құшақтап үлкен сақынада ашық тері алынған сол Кенекеңнің ізін басқан үлкен әншілік өнерге қадам басқан жастары келіп мына үлкен сақына да бүгін өнерлерін көрсетті. Қуанатын нәрсе біздің Кенен атамыздың сонау көнеден қалған ғасыр қойнауында қалған көп айтыла бермитін болмаса әншінің әншісі баратын дай көптеген әндер бүгін сахна да қамтылды,-дейді Рамазан Стамғазиев, қазақстанның еңбек сіңірген әртісі

Марапаттау кезеңінен кейін еліміздің өнер жұлдыздарының қатысуымен Гала-концертке өтті. Оған Рамазан Стамғазиев, Айгүл Мақашова, Ержан Максим және қазақ ұлт аспаптар оркестрі өнер көрсетті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *