BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКС БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Елімізде 719 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат өмір сүреді. Ал оның 45 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Ал бұл санаттағы азаматтарға сапалы қызмет көрсету өте маңызды. Сондықтан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 шілдеден бастап жаңа әлеуметтік кодексті енгізген болатын.

Жаңа әлеуметтік заңнама жазыларда өзге елдердің озық тәжірибелері ескерілген. Бұл қызмет көрсету сапасын жақсартады дейді мамандар. Ең бастысы мүгедектерге, олардың қамқоршыларына, асыраушысынан айырылған отбасыларға төленетін жәрдемақы мөлшері артады. Одан бөлек «спина бифида» ауруына шалдыққан науқастарға ерекше мән беріледі. ал менталды ауытқулары бар балалар мен аналары оңалту орталықтарымен жіберіледі. ал еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова әрбір медициналық нысан мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бейімделуі керек дейді.

– Мүгедектігі бар тұлғаларға беймделу керек. Ол жерде жоспар бар, сосын интерактивті карта бар. Ол карта арқылы мысалы мүгедектігі бар тұлға Тараз қаласында қай аптеканың қай аптека арбадағы мүгедектігі бар тұлғаға бейімделген. Сол жерден шықпай жатып үйден қарауға болады. Мысалы бір спорт комплекске барғысы келетін болса ол спорт комплекс бейімделген ба жоқ па сол карта арқылы көруге болады. Ол жерде фотоларына длейін ілініп тұрады,-дейді Назгүл Сағындықова, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Жоспар бойынша 5 жылда республика бойынша 35 мыңға жуық нысан аталған қызмет түріне қосылады. Ал биыл жыл соңына дейін 5 мыңнан астам мекеме мүгедектігі бар тұлғаларға бейімделуі керек дейді, Назгүл Сағындықова.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *