ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНА – 150 ЖЫЛ
Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасына – 150 жыл толып отыр. Айтулы датаға орай «Достық» үйінде республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында бүгінгі күні 712 медицина қызметкері жұмыс істейді. Оның ішінде дәрігерлердің 80%-ы жоғары біліктілік санатына ие болса, 14-і денсаулық сақтау саласының үздігі. Клиникада тәулік бойы жұмыс істейтін 12 клиникалық бөлімшелер науқастарға медициналық көмек көрсетіп келеді.
– ЖО көпсалалы аурухана бұрын бүкіл аймақтағы жалғыз аурухана болған, жедел жәрдем, онкология, балалар ауруханасы, босандыру қызметі – барлығы бір ғимаратта болған. Кейінірек қалалық аурухана да, перзентхана да, көз ауруханасы да, балалар ауруханасы да, туберкулез ауруханалары да, онкологиялық орталық, психоневрологиялық және тері-венерологиялық Диспансерлер де құрылып, бізден бөлініп шықты, санитарлық авиация қызметі құрылды,-дейді Марат Жұманқұлов, Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері
Конференцияда тәулік бойы шұғыл медициналық көмек көрсететін аурухана дәрігерлері шеберлік сағаты қатысып, білімдерін шыңдап жүргені ерекше айтылды. Кардиолог, невропатолог мамандары оқудан өтіп, елордалық ақхалаттылардың қатысуымен 4 ота жасалған. ал жалпы, жыл басынан бері 42 азаматқа дәл осындай медициналық көмек көрсетілген.
– Мен осы аурухананың қабырғасында 23 жыл жұмыс істедім. 1989 жылы жұмысқа орналасты. 2014 жылға дейін терапия бөлімін басқарды. Зейнеткерлікке шыққанда да тағы 6 жыл жұмыс істеді. Өркендеу тілеймін,-дейді Амантай Сартаев ,ардагер дәрігер
Медицина саласына өмірін арнаған Амантай Сартаев сияқты дәрігерлер өңірде жетерлік. Слндықтан, конференция аясында қажырлы еңбек етіп, іскерлікті қатар жүрген ардагер дәрігерлер облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.