BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

АЙМАҚ БАСШЫСЫ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Аймақ басшысы Мәдениет саласының өкілдерімен кездесті. Ербол Қарашөкеев жиналған қауымға облысты дамыту бағытындағы жоспарларын айтып жиынға қатысушылардың салаға қатысты пікірін тыңдады.

Облыс әкімі жиын басында мәдениет саласының өкілдерімен өңірді дамытуға қатысты сөз қозғады. Аймақ басшысының айтуынша облыста колл центрлер санын көбейту керек. Осылайша біз Қазақстандағы көшбасшы облысқа айналамыз. Өңірді өркендетуге байланысты жиынға қатысқан зиялы қауым өкілдері облыстағы ерекше табиғатты, тарихи жерлерді пайдаланып туризм сласына мән беру керек екенін тілге тиек етті. Осы арада Аймақ басшысы тың идеяны ортаға салды.

– Электро мобиль жүйесінде ең қолайлы қала жасауға мүмкіндік бар. Бәзде жылы Астанаға қарағанда. Электро мобиль дегеніміз қазір сапасы жақсы 9 мың 8 мың долларлан басталады. Тараз қаламызда машинамен келе жатсақ 10 минуттың ішінде қай бағытта болмасын электро мобилге заправка жасайтын станция қою керек,-дейді Ербол Қарашөкеев, ЖО әкімі

Әулиеатаның өркендеуі жолында еңбек етіп жүрген азаматтар аймақ басшысына көптің көкейінде жүрген мәселелерді қозғап, бірқатар орамды ойларын ортаға салды. Дәстүрлі басқосуға келгендер ашық пікір алмасты.

– Мәдениет басқармасымен өздеріңізбен келісе отырып облыстың аудандарын аралап қайту жоспарларымызда бар. Соған бір өзіңіздің қолдауыңыз болса деп ойлап отырмыз,-дейді Асылхан Шүңіреков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Өз кезегінде Ербол Қарашөкеев айтылған ұсынысқа қатысты оң пікірін білдірді. Сонымен қатар жиында өңірдің экономикасымен қатар мәдениеті мен руханиятын қатар дамытуға басымдық беруді атап өтсе, енді бірі ардагерлерді сауықтыру мәселесін көтеріп, тегін ем шаралары кезіндегі қызмет сапасының сын көтермейтінін, аймақ ардагерлері үшін арнаыц орталығы қажет екенін жеткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *