ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру қыркүйек айында басталды. Бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша шекара қызметіне шақыру науқаны аяқталды. Дәл қазіргі уақытта қарулы күштер қатарына жас сарбаздар жасақталып жатыр. Биыл күзде еліміз бойынша 19 мыңнан астам азамат әскер қатарына шақырылған.
Азаматтарды міндетті әскери қызметке дайындау және шақыру үздіксіз жүреді. Әскери учаскеге тіркелген сәттен бастап шақырылған азаматтарды жүйелі түрде зерделейді. Олардың әскери өмірге жарамдылығын анықтау үшін толық медициналық тексеруден өтеді. Ал жарамсыз болған жағдайды…
– Бізге келгенде жарамсыз жағдайы белгілі болып жатса. Мысалы басқа бір ауру признактары или басқа травма белгілі болып жатса соны дополнительный обследование жүргіземіз. Егер признактар болып жатса мысалы болады временная отсложка береміз. Временна жарамсыз деген. Осы призивқа екі үш айдан кейінгі призывка бала қайта шақырылады,-дейді Ербол Тәуірбеков, хирург
Биыл облыста 1,5 мыңға жуық азаматты қарулы күштер қатарына шақыру жоспарланған. Қазірдің өзінде 300-ден астам жас жауынгерлер қатарына қосылған.
– Медкомисиядан өттік. Бәрі жақсы, денсаулық жақсы. Енді бұйырса Ақтауға барамыз. Енді жалпы ойлаймын бір еркек әскерге баруға міндетті деп ойлаймын. Әскерге бару керек. Әкем барған, мен де барам. Отан алдындағы борышымызды өтеп келейік,-дейді Қажымұқан Әкімжан, жас сарбаз
Биыл қорғаныс министрлігі 70-тен астам жоғарғы оқу орындарымен келісімге қол қойды. Айта кету керек, бүгінге күнге дейін әскери борышын өтеген 180-нен астам қазақстандық жоғары оқу орындарына тегін түскен. ал 400-тен астамы ақылы негізінде біліп алып жатыр