300-ДЕН АСТАМ НАУҚАСҚА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров «Қазақстан халқына» қоры басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаевамен кездесті.
Жиында қор бастамасымен бүгінгі таңда 4,4 млрд теңгені құрайтын 33 жоба қолға алынғандығы айтылды. Қазір 30-ы аяқталып, 3-еуі жүзеге асырылып жатыр», – дейді Нұржан Календеров. Сонымен қатар, республика бойынша ауыр дертке шалдыққан 324 науқасты дәрі-дәрмекпен қамту үшін 24 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалған. Ал Жамбыл облысы бойынша 18 науқасқа 1,2 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алыныпты. Сондай-ақ, Тараз қаласындағы №4 «Үміт» арнайы мектеп-интернаты 28,8 млн.теңгеге жабдықталыпи отыр.
– Бұл өте қымбат дәрілер. Олар дәріханаларда сатылмайды. Біздің ресми сайтымызда тізім бар. Бекітілген. Бұл дәрі-дәрмектер тізімі хаттамада жоқ. Қор аясында Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасын 32 млн теңгеге барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарланғанын атап өткім келеді,-дейді Ляззат Шыңғысбаева, «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасының орынбасары