ШЕРАҒА ШЫҒАРМАЛАРЫ САХНАЛАНДЫ
Сонымен қатар бүгін мектеп оқушыларына арналған үйірмелер арасында «ШЫҢДАҒЫ ШЫНАР-ШЕРХАН МҰРТАЗА» атты фестиваль өтті. Облыстық драма театр сахнасында 7 ұжым, 55 оқушы өз өнерлерін көрсетті.
Өнерлі жасөспірімдерге арналған жарысқа өзге ұлт өкілдерінен құралған «Достық» драма үйірмесі мен облыстық зағип және көзі әлсіз көретін кітапхананың «ТЕАТР ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИЯ» жобасының қатысушылары бақ сынады. Фестивальда заңғар жазушының «Домалақ ана», «АЙ МЕН АЙША» «ИНТЕРНАТ НАНЫ» «41-ШІ ЖЫЛҒЫ КЕЛІНШЕК», «Шерханның шерлі ғұмыры» сынды шығармалары сахналанды.
– Әрбір қазақтың жас буыны ертеңгі қазақстанның болашағы. Сондықтан осы Шерағаңның тұлғалық қасиетін мемлекетшілдігін ұлтшылдығын тіл жанашыры екендігін, жалпы бір сөзбен алған кезде мемлекеттің және қоғам қайраткерінің еңбектерін насихаттау арқылы оларды тәрбиелеу болып табылады,-дейді Сауран Қалиев, Ш.Мұртаза атындағы «руханият және тарихтану» орталығының директоры
Аталмыш іс-шара 29 қыркүйекте «Түсіме жиі Мыңбұлақ кіреді» әдеби сағатымен Жуалы жерінде жалғасын таппақ. Айта кетейік бүгін Шерхан Мұртазамен қатар Мұхтар Әуезов, Оралхан Бөкей сынды қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан заңғар тұлғалардың да туған күні.