BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

Ш.МҰРТАЗА РУХЫНА ТАҒЗЫМ

Бүгін қарымды қаламгер, рухты қайраткер-Шерхан Мұртазаның туған күні! Осы ретте тараздықтар жазушының ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Ұлт зиялысы көзі тірі болғанда 91 жасқа толар еді.

Шерхан Мұртаза. Бұл есім – қазақ әдебиеті алыптарының көш басындағы санаулыларының арасында тұр. Ол қайраткерлікті де, қаламгерлікті де қатар ала білген ұлы тұлға. «Қызыл жебе», «Ай мен Айша» романдары қазақ әдебиетінде ойып тұрып орын алып, халықтың жүрегіне жол таба білді. Бүгін халықаралық Тараз инновация институтының студенттері, ардагерлер мен белгілі журналисттер қаламгерді еске алды.

– Халықтың сүйіктісі Шерағаң болған. Шерхан Мұртаза ағамыздың есімі әрбір қазақтың жүрегінде әрқашан жаңғырып тұрады. Жаңғырғанда да шындық үшін, ақиқат үшін күрескен, өмірдің өміршең, өжет сөзін айтып өткен асыл тұлғамыз. Сондықтан да бүгін өзіміз қатысып отырған Шерағаның атындағы халықаралық тараз инновация институтының алдында ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдың барлығы сол кісігне деген ризашылығымыз, сол кісінің алдында мәңгі қарыздар екенімізді көрсету,-дейді Мейрамбек Төлепберген, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *