ТАБЫС ӘКЕЛГЕН ТІГІНШІЛІК
Жамбылда тігіншілікті кәсіпке айналдырған қыз-келіншектер жетерлік. Солардың бірі Қордай ауданының тұрғыны Гүлбара Бажанова. Бала кездегі арманын – сүйікті ісіне айналдырған ол тігін бұйымдарын шығаратын цехын ашып, бүгінде табыс тауып отыр.
Гүлбара Байжанова өз кәсібін киім сатудан бастаған. Кейіннен шет елден төсек жабдықтарына қажетті маталарды әкеліп, сатылымға шығарған. Осылайша тігіншілік ісін жолға қойыптыү Қазір шағын цехта төсек-орын, жастық пен көрпе, матрас пен қыз жасауы дайындалады. Жетістікке жетудің құпиясы – жолдасыңның қолдауы мен өзіңе ұнаған іспен айналысу,-дейді кәсіпкер.
– Кішкентай кезімнен жақсы тігінші болып тігіп жүретін едім. Анама қарап өзімде бір кішкентай көйлектер тігіп жүретінмін. Уақыт өте келе осы бизнесқа келдім. Бір 5-6 жыл бұрын станок көріп едім. Осыны армандап жүргем. Сосын күеуіме айтып сол биыл алдық.Енді осындай жақсы көрпешелерді тігіп жатырмыз,-дейді Гүлбара Байжанова, кәсіпкер
Кәсіп иесінің бұл бизнесті бастағанына небәрі алты айдың жүзі болған. Десе де қазір тауарға сұраныс жақсы.
– Өзіміз тікен өнім болсын деп, қол жетімді болсын деп өзіміз тігіп жатырмыз. Сапасы өте керемет мақтадан да тігеміз, жүннен тігеміз, синтифоннан тігеміз. Клиенттерде де келеді, қалаған нәрсені тігіп береміз, қол тиімді, бағасы жақсы қымбат емес арзан,-дейді Гүлбара Байжанова, кәсіпкер
Гүлбара Байжанова мұнымен тоқтап қалмақ емес. Оның арманы – жас қыздарға қолөнерді үйрету. Үлкен тігін шеберханасын ашып, автоматтандырылған құрылғылар қатарын көбейту болып отыр.