BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE

АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Таразда «Алтын »және «Күміс» алқа иегерлерінің қатары артып келеді. Бүгін «батыр ана» атанған нәзік жандылар марапатталды.

Бүгінде көне шаhар тұрғындарының саны 420мыңнан асты. Дәл осында алтын құрсақты аналарымыздың арқасында демографиямыз жақсарып келеді, деген қала әкімінің орынбасары Қайрат Исмайл 3 анаға «алтын алқа», 20-сына «Күміс алқаны» табыстады. Айта кету керек, былтыр шаһар бойынша 42 ана «Алтын алқа»және 166-сы «Күміс алқа» алған. Осы азаматтардың қатарынан енген көпбалалы аналар жиында өз ризашылықтарын білдірді.

– Енді әр қазақтың әйелі, әр қазақтың анасы осындай міндерден табылып. Кем дегенде осындай 6 балалы 7 балалы ақ құрсақты ана болсын деген тілегім бар. Өте қуаныштымыз президенттің жарлығымен арнайы марапатталып жатқанымызға. Аллаға шүкір бізге қолдауда, көмекте жақсы мемлекет тарапынан сондықтан біз ризамыз,-дейді Гүлжан Рахман «күміс алқа» иегері

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *