BASTY BETJAŃALYQTAR

ТАРАЗДА АУА САПАСЫ НАШАРЛАДЫ

Тараз қаласында да ауаның ластану көрсеткіші артқан. Мұны мамандар құбылмалы ауа-райымен байланыстырып отыр. Шаһардың бірнеше бөлігінде адам өміріне зиянын тигізетін «құмырсқа қышқылы» деп аталатын үлы зат 2,5 есеге жоғары екендігі анықталған.

Биыл өңірде жауын-шашын мөлшері аз болды. Оның үстіне қазір ауаның табиғи тазаруы да нашар дейді мамандар. Өйткені, ауа бассейінінде ағыстар әлсіз. Салдарынан қала аумағы жиі қалың зиянды улы тұмшаға оранады. Үнемі соғатын күшті жел де өз әсерін тигізіп отыр. Арнайы зерттеу нәтижесінде ауа ластануы бірнеше есеге артқаны анықталған.

– Облыс орталығында ластағыш заттардың концентрациясының жоғарылауының жиі қайталануы байқалуда. Қала аумағында ауадағы диоксидтің құрамы қалыпты жағдайдан 3 есеге, ал шаң-тозаң 4 есеге артыпты. Қала бойынша шектеулі рұқсат етілген концентрациядан құмырсқа қышқылы 2,7 есе және азот тотығы 1,25-1,5 есе артса, ал Лермонтов, ташкент, Төле би, Абай, рысбек батыр, Ниетқалиев көшелерінің қиылысқан аумағында құмырсқа қышқылы 2,5 есе және азот тотығы 2,5 есе, көмір тотығы 3,5 есеге артқан,-дейді Сәкен Қондыбаев, қоғамдық кеңес хатшысы

Мамандар сөзінше, халықты облыс аумағында орналасқан ірі және газ барлау зауыттарының мұржасынан күнделікті шығатын қою түтін алаңдатып отыр. Себебі жергілікті тұрғындар тамақтары ашып, жиі бас ауыратынын айтқан. Бұл мәселеге қатысты табиғат жанашырлары өз ұсыныстарын ортаға салды.

– Өздеріңіз білесіздер бізде қаланың төңірегінде біраз зауыттар бар. Сол зауыттан шыққан ластаушы заттар ауаға өз әсерін беріп жатыр. Зауыттардан шығатын ластаушы ауаға тосқауыл қою керек. Жақсы фильтрлар алу керек. Фильтр ең аз дегенде 1-2 миллион доллар тұруы мүмкін. Сондықтан осындай қаржы бөлу керек,-дейді Серік Қойбақов, «Байтақ» жасылдар партиясы ЖОБ филиалының төрағасы

Бұдан бөлек өңірде тұмыстық қатты қалдықтар мәселесі тағы бар. Оны материалына қарай сорттамаса, құрамынан улы заттар бөлінетін көрінеді дейді мамандар. Бүгінгі қоғамдық тыңдауда қорытындысы бойынша әрбір ұсыныс ескеріліп, бұл мәселенің шешімі табу керектігі баса айтылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *