“AMANAT” ПАРТИЯСЫ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ
Аманат партиясының барлық деңгейдегі мәслихаттардағы депутаттық фракция мүшелерінің I форумы өтті. Өңірде алғаш рет ұйымдастырылып отырған бас қосу мақсаты жергілікті атқарушы орган өкілдерімен өзара әріптестік іс-әрекетті қалыптастыру. Сондай ақ облыс басшылығымен әріптестікті нығайтуды көздеген жиында бір қатар мәселер көтерілді.
Бас қосуда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында партияның сайлауалды бағдарламасы негізіндегі Жол картасының орындалу барысы талқыланды. Сондай-ақ і мәслихат депутаттарының негізгі міндеттері айқындалып, мемлекеттік органдармен тығыз байланыс орнату жайлы кеңінен сөз қозғалды. Өз кезегінде Ербол ҚАРШӨКЕЕВ әкімдік өкілдері кең көлемде халықты қабылдауды жүргізу керек екенін баса айтты.
– Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын іскер асыру бағытында әкімдік өкілдері кең көлемде халықты қабылдауларын жүргізу керек. Бұл үрдіс фракция мүшелерініңде басты міндеті болу керек . Сайлаушылармен кері байланыс күшейту өте маңызды,-дейді Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі
Форум панелдік секциялар арқылы жалғасын тауып, халық қалаулылары көптің көкейінде жүрген сұрақтар мен ұсыныстарды ортаға салды. Соның бірі Қордай ауданындағы Қазақстан мее Қырғыстан арасындағы шекара мәселесі болды.
– Қазіргі таңда Қордай бекетін қайта құрудан өткізді. Келесі кезекте қарасу бекеті ол жерде Қырғыздармен шекаралас әріптесрімізбен біраз мәселе барғой жартысын біз істесек жартысын олар жасау керек,-дейді Нұржан Календеров, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары
3 түрлі панельдік секцияға бөлінген мәслихат депутаттарының сауалдары мен ұсыныстарын облыс әкімінің орынбасарлары мұқият тыңдады. Халық қалаулылары жиында аудандардағы тозығы жеткен жол, ескірген Мектеп қоршаулары мен ауыл аймақтағы байланыс желісінің нашарлығы туралы сұрақтарын жолдады. Мәслихат депутаттары қордаланған мәселелер алдағы уақытта шешімін тапса деген ниетте