ЖЕКЕ КУӘЛІККЕ САУСАҚ ІЗІ ЕНГІЗІЛЕДІ
Енді жеке куәлік, паспорт берілгенде азаматтардан саусақ ізі алынады. Бұл жаңашылдық елімізде 2024 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енбек. Бармақтағы өрнекті тіркеу міндетті болса қолдағы құжат жарамсыз болып қала ма? Жалпы мұндай тіркеу не үшін қажет? Құралай Нұрланқызы тарқатады.
Биометриялық ақпаратты енгізуді АҚШ 2004 жылы, Германия 2007, Қытай 2011, Түркия 2009 жылы бастап кеткен. Оны бізде де іске асыру мүмкін еді. Алайда түрлі себептермен шегеріліп, тек 2023 жылдың 30 маусымында қабылданды. Енді 12 жасқа дейінгі балалардан басқа, ҚР барлық азаматтары мен шетелдіктердің саусақ іздері тіркеуге алынады. ал жүйедегі қауіпсіздік шаралары жан-жақты қарастырылған-,дейді мамандар.
– Саусақ іздерін сақтау қауіпсіздігі, жүйеден дербес деректердің алынып кетуінен қорқатын кісілер де болуы мүмкін. Ол азаматтарға айтарымыз саусақ іздері туралы ақпарат мемлекет кепілдік беретін қорғауға жататындығын хабарлаймыз. Яғни бұл дегеніміз дактилоскопиялық тіркеуден өткен азамат туралы ақпарат иесіздендіріледі,- Нұржан Жанабаев, ҚР ІІМ көші-қон қызметі комитетінің аға инспекторы
Саусақ ізін тіркеу бір рет жүргізіледі. Артықшылықтарына тоқталсақ. Дастилоскопиялық тіркеу заңсыз құжаттар жасалуда қауіпсіздік жүйесін жақсартады. Құжаттар жоғалған кезде оларды қалпына келтіру рәсімі де әлдеқайда жылдам болады. Смартфондар арқылы мемлекеттік қызметтерді қашықтықтан алуәрі дамыту мүмкіндігі пайда болады.
Айта кету керке, міндетті саусақ ізін тіркеуден өтуден бас тартқандар екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейтін болады. Шетелдіктер немесе азаматтығы жоқтар тіркеуден өтуден бас тартса ҚР аумағынан шығарылады. Ал екі қолынан айырылғандар мен туа бітті саусақ өрнегі жоқ азаматтардан алынбайды.