ҚАЛА АУМАҒЫ ҰЛҒАЯДЫ
Биыл Тараз қаласының бас жоспарына бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл көне Шаһарды көркейту мақсатында қолға алынды. Екі әкімшілік аудан құрылса, әлеуметтік нысандар қатары да арта түседі. Тұрғындардың жер алу, пәтерлі болу сынды мәселелері шешіледі дейді, шаһар басшысы.
Биыл шаһарда құрылыс жұмыстары қарқын алды. Әсіресе көпқабатты тұрғы үйлер көптеп салынуда. Жыл соңына дейін 33 үйдің құрылысы аяқталмақ. Яғни 2248 отбасы баспаналы болады деген сөз. Бүгінгі брифингте қала әкімі баспана мәселесіне қатысты біраз сауалдың жауабын айтты. Қазіргі таңда 1 бөлмелі үйді 2008 жылдан бері баспана кезегінде тұрған азаматтар алып жатыр. Ал 2 бөлмелі пәтер 2012 жылы үй кезегіне іліккен тұрғындарға берілуде. Жер мен пәтер кезегіндегі азаматтар мәселесін шешу қамту мақсатында, қала аумағы да ұлғаймақ.
– Тұрғындар пәтермен қамтамасыз ету одан кейін жермен қамтамасыз ету мәселелері бойынша Бұл бағытта қаланың бас жоспарында қала аумағына жамбыл байзақ аудандарынан 14 елдімекенмен екі саяжайды қосуды жоспарлап отырмыз. Жаңадан 3 елді мекен бой көтереді,-дейді Бақытжан Орынбеков, Тараз қаласының әкімі
Жаңа бас жоспарға сәйкес, енді қала аумағына Байзақ және Жамбыл аудандарына қарасты ауылдар кіреді. Шаһардың жалпы көлемі 129мың гектарға ұлғайту жоспарланған.