АУЫЛДА ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ
Жамбыл ауданы Танты ауылында жаңа бастауыш-мектеп пайдалануға берілді. Осы уақытқа дейін Шайқорық ауылына қатынап оқыған бүлдіршіндер енді жаңа білім ошағына барады.Болашақ ұрпақ игілігіне жасалған оң қадам тұрғындарды қуантты.
Президент тапсырмасы бойынша жекеменшік-серіктестік аясында соғылғанТанты мектеп-лицейі 200 балаға арналған.Бүгін бастауыш сынып оқитын 100 оқушы заманауи әрі соңғы технологиямен жабдықталған жаңа мектеп табалдырығын аттады. Білім беру мекемесінде стандартқа сай бірнеше компьютер және қосымша үйірме сыныптары бар.
Жақсылықты көрмекке ауыл ақсақалдары, ата-аналар мен аудан басшылығы келді. Бүлдіршіндердің өнерін тамашалап, оқушылардың білім жолындағы қадамдарына сәттілік тіледі.
Ауданға қарасты9 бастауыш, 1 негізгі, 29 орта мектепте 16 630 бала білім алады.. 2023 жылы Бәйтерек, Қостөбе ауылынан жаңа мектеп соғу жоспары іске асуда. Ал 2025 жылға жейін «Жайлы мектеп» жобасы аясында ауданға қарасты Қызылдихан, Қапал және Рахат ауылында да білім ошақтары бой көтермек.