BASTY BETJAŃALYQTARЗаңҚылмыс

КУӘЛІК АЛАМЫН ДЕП АЛДАНДЫ

Жүргізуші куәлігін беру бойынша алаяқтар сотталды. ХҚКО қызметіне жүргізілген мониторинг нәтижесінде бірқатар жемқорлық тәуекелдеріне тосқауыл қойылды. Мамандар сөзінше пилоттық режимде арнайы ХҚКО мен ІІМ-де жаңа ақпараттық жүйелер іске қосылды.

Аталған шара аясында ұсталған Тараз қаласының №2 сотының үкімімен 2 азаматқа алаяқтық үшін 4 жылға бас бостандықтарын шектеу жазасы тағайындалды. Аталған тұлғалар 2021-2022 жылдар аралығында жүргізуші куәлігін алып беру сылтауымен 8 азаматты алдап, 150 000-300 000 теңге көлемінде қаражаттарын иемденген. Алынған ақшаның жалпы сомасы 1,2 млн теңгені құрайды.

– Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі департаменті қабылдап жатқан шаралар аясында автоцондағы құжаттарды ресімдеу бойыншағы делдалдардың заңсыз әрекеттеріне назар аударады. Өңір тұрғындары мен қонақтарына автоколіктерді тіркеу бойынша көмекшілердің заңсыз әрекетіне жүгінбеуін сұрайды. Егер сіз заңсыз фактілерге тап болсаңыз агенттіктің 1424 колорталығы арқылы хабарласуға болады,-дейді Қайрат Байгебаев, ҚРсыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жо бойынша департаментінің превенция басқармасы басшысы

Жүргізуші куәлігін көптің көкейіндегі мәселеге айналды. Жасы жетсе көлік жүргізуге асығатын жастар, құжат үшін қаражат дайындайды. Ал алаяқтар мұндай мүмкіндікті мүлт жібермейді. Өз күшімен куәлік алушылардың айтуынша Көлік жүргізуге рұқсат қағаз алу үшін көкеңізден көмек сұраудың немесе көп қаражат жинаудың керегі жоқ. Зейін қойып дайындалсаңыз аз уақытта артық шығынсыз алуға болады дейді.

– ПДД сайты арқылы дайындалдым ол сайт 4500 тг турады болмаса ар калай колдану мерзимине карай мысалы 2 айлыгы бар бир айлығы бар мен сол бір айлығын сатып алып 4500 тг сол аркылы дайындалдым жәнеде маган коп уакыт кеткен жок 3 кун кетти жәнеде 3 кунде мен жаксылап дайындалып 40 тан 34 балын жинадым. Ешқандай таныссыз жәнеде ешқандай тағыда қосымша ақшасыз осылай алып шығуға болады,-дейді Спабек Нышанбек, қала тұрғыны

Теміртұлпарды тізгендеуге рұқсат алу үшін теориялық емтиханда 40 минут ішінде 40 сұрақтың кемінде 32 сіне дұрыс жауап беріп, тәжірибелік емтихан сәтінде, 20 минутта 12 жаттығуды орындауыңыз керек. Ал оған дейінгі құжаттар тізбесі мынадай: жеке куәлік, 073 нысанындағы медициналық анықтама және автокурс бітіргені туралы растама немесе мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртек жеткілікті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *