BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

№59 мекемесінде «Қамал» оқу-жаттығуы өткізілді

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінде жеке құрамның қызметтік және жауынгерлік даярлық деңгейін арттыруға бағытталған «Қамал» оқу-жаттығуы ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – төтенше жағдайлар туындаған кезде қызметкерлердің жедел әрі үйлесімді әрекет ету қабілетін жетілдіру, сондай-ақ мекемедегі қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.

Оқу-жаттығу барысында жеке құрамның кәсіби даярлығы, белгіленген алгоритмдерге сәйкес әрекет ету дағдылары және қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі өзара іс-қимылы тексерілді. Сонымен қатар қызметкерлердің кез келген күрделі жағдайға дайындық деңгейіне баса назар аударылды.

Мұндай оқу-жаттығулар жеке құрамның жауынгерлік әзірлігін нығайтып, қызметтік міндеттерді сапалы орындауға және мекемедегі қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *