НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, БАЛАЛАР!
Таразда балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, «Назар аударыңыз, балалар!» атты республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтті. Іс шара мақсаты оқушылардың көше мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын бекіту, өмірі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ балалардың жол-көлік жарақатына көлік жүргізушілерінің назарын аударуға бағытталған.
Іс шара аясында полиция қызметкерлері мен темір жол маңындағы мектептердегі оқушыларға түсіндерме, үгіт насихат жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар білім беру объектілерінің іргелес орналасқан шойын жолға балаларды апарып сақтану бойынша нұсқамалар берді. Полиция қызметкерлері қазіргі таңда көп оқушылар тоқтап тұрған пойыз астынан өтуді, арнайы межеленбеген темір жол үстімен асуды әдетке айналдыған. Бүгінгі іс шара осындай әрекеттердің азаюына себеп болады дейді
– Профилактикалық іс шараның жалпы өткізу мақсаты кәмелет жасқа толмаған жас өспірімдермен жасалған қылмыстар және құқық бұзышулықтардың алдын алу болып табылады. Қазіргі уақытта көптеген фактілер орын алып жатыр. Айта кететін болсақ темір жол маңында адам қағу, мал қағу,-дейді Қайыржан Шаханов, Тараз станциясы желілік полиция бөлімшесінің инспекторы
Мамандар пойыз станциясы желілік полиция бөліміне қарасты қызмет атқару аймағында қадағалаусыз жүрген кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді анықтаған жағдайда, ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтты. Сонымен қатар сағат 23:00 ден 06:00-ге дейін заңды өкілінің, ата анасының қадағалауынсыз жасөспірімдердің түнгі уақытта үй жайдан тыс жерде жүрмеу керек екендігін ескертті.