BASTY BETJAŃALYQTAR

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ДАРЫНДАР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Көзі көрмейтін және әлсіз көретін жандарға арнап қазақ тілінде қазақ брайль принтерін жасап шыққан жамбылдық дарынды оқушылар халықаралық астана қаласында өткен «solve for tomorrow» байқауында жүлделі 3-ші орынға ие болды. 1 миллион теңгелік сертификатқа ие болған оқушыларды мұғалімдері мен туыстары сән-салтанатымен күтіп алды.

Жас зерттеушілердің туындысының басты ерекшелігі қазақ тілінде дыбысталған. Қазақша әріптермен таңбаланып оқырманға ұсынылады. Кез келген мәтін мен кітап түрлерін оқуға мүмкіндік береді. Алайда бұл өнертабысқа ұзақ уақыт пен зор күш-қуат жұмсағандықтарын жасырмайды.

– Сәуір айында біз өзіміздің жоба жайлы ақпараттарды жібердік. Сол кезде 530-дан астам команда бақ сынасқан. Соның ішінен тек топ 30 команданы іріктеп алды. 3-ші орын иегері атандық. 1 миллион теңгені ұтып алдық. Осы конкурсқа көп рахмет. Бізге осы жобаны дамытуға көп ақпараттар берді, жаңа адамдармен танысып, өзіміздің жоба жайлы ақпараттар тиісті деңгейде бере алдық,-дейді Мақпал Бердібек, жас зерттеуші

Байқауды ұйымдастырған самсунг компаниясы. Жарыс бірнеше этап бойынша өткізіліп, ақтық сынға тек кіл жүйріктер ғана іріктеліп алынған. Дарынды оқушылар еліміздің ең мықты білім ордаларының ішінде жүлдеге ие болудың өзі үлкен жетістік екендігін мақтанышпен айтады.

– Бұл жобаның мақсаты жас стартаперлерді тауып, халыққа көмегі тиетін прототиптерді анықтап соларға лемеу көрсету. Бізге миллион теңге көлемінде сертификат берілді. Ол ақша ары қарай жобаны дамытуға кетеді. Болашақтасатылымға енгізсек деген де ойымыз бар. Бізде облыстық көзі көрмейтін жандарға арналған кітапхана бар. Олармен де біз жұмыс жасауға дайынбыз,-дейді Айкөркем Егеубай, жас зерттеуші

Енді Айкөркем мен Мақпал бұл жобаны үлкен масштабқа шығаруға ниетті. Қолда бар мүмкіндіктерді жіберіп алмауға тырысамыз. Қолжетімді бағада сатып көз жанары нашар көретін жандарға қуаныш сыйлағымыз келеді дейді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *