ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ – ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ
Қыркүйек айының екніші жексенбісі елімізде «Отбасы күні». Мереке қарсаңында Таразда «Мерейлі отбасы-2023» байқауының жүлдегерлері атанған жандар мен жастардың кездесу өтті.
Басқосуда өнерлі оқушылардың тартуынан басталды. Ал жиын барысында жасөспірімдерге өңірдің ең үлгілі отбасылары таныстырылды. Еркін форматта өткен кездесуде балалардың басым бөлігі олимпиаданың күміс жүлдегері Елдос Сметовтың ата-анасынан сұрақтарны қойды. Жамбылдық спортшының анасы қазіргі таңда ұлы тағы бір әлемдік деңгейдегі додаға дайындалып жатқандығын жеткізді.
– Барлық шаралар жақсы өтіп жатқанына қуаныштымын, осындай шаралар жылда жақсы аталып өте берсе екен дейміз. Соның ішінде мына Елдос баламыздың ерекше халқымыздың еліміздің алдында орны өте бөлек деп айтсақ болады. Алла қаласа енді мынау жақында Бакуда алаңға шығайын деп отыр, сол додада алтыннан алқа тағуды Алла нәсіп етсін,-дейді Тоқтагүл Сметова, Е.Сметовтың анасы
ҚР ның Президентінің жарлығымен 10 жылдан бері «Отбасы күні» аталып өтіледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша «Отбасы» кез-келген мемлекеттің тірегі десек, бұл адам баласы үшін қастерлі ұғым. Осыны жас буынға жеткізу мақсатында елге үлгі мақтан тұтарлық екі отбасыны шақырдық дейді.
– Мынау 2 олимпиада чемпиондарының отбасыларымен кездесу болды , Сметовтор отбасымен және Утеповтер отбасымен Мектеп оқушылары, студенттер оған қоса курсқа қатысушы аналар, міні осылардың барлығына арналып мінекей бүгінгі осы шара өтіп жатыр. Бұдан үлкен тәлім-тәрбие тағылым алынады деген ойдамыз біз. Біздің мақсатымыз осы отбасы күніне өткізілген апталығымыздың мазмұны осы,-дейді Гүлнар Нарболдиева, «Анаға тағзым» орталығынң бөлім жетекшісі
Ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай іс-шара отбасылық құндылықтарды насихаттап, жастардың ата-анаға деген құрметін арттыруға бағытталған.