ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ҚАРАҒАНДА РЕСМИ ТІЛДІҢ ҚОЛДАНУ АЯСЫ КЕҢ БЕ?
Мемлекеттік тілді оқыту – өте маңызды, мемлекеттік мәні бар мәселе. Осы орайда мемлекеттік тілді дамыту, оның қолдану аясын одан әрі кеңейту және мәртебесін көтеру үшін ана тіліміз – қазақ тілін үйретудің заманауи әдіс-тәсілдері атты облыстық конференция өтті.
Бүгінде мемлекет басшысының тапсырмасымен тек қазақ тілді емес, орыс тілді мектептер де мемлекеттік тілді оқытуға тың әдістерді пайдалануда. Жасалып жатқан жұмыстар арқасында қазір қазақ тілінің қолдану аясы кеңейген. Оған жауаптылардың айқан статистикасы дәлел.
Рахия ТҰРМАХАМБЕТОВА ЖО ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Жастардың қазір қазақ тілінде білім алу деңгейі өте жоғары деп айта аламын. Мәселен, мектептегі білім алушылардың 70 пайызы, студенттердің 77 пайызы, балабақшалардың 80 пайызы мемлекеттік тілде білім алып жатыр. Бұл біздің үлкен жетістігіміз.
Мамандардың айтуынша, қазір мемлекеттік тілдегі көркем әдебиет кеңінен қолдануда. Яғни, қазақ тіліндегі мәтінді оқылым және тыңдалым арқылы жан-жақты талдау жүргізеді. Осылайша, әрбір сөзге тереңінен үңіледі. Сонымен қатар, тек шәкірттермен емес, әлеуметтік желіде ата-аналармен де шығарманың ауқымы мен сюжетін талдайды.
Зиба ҚҰЛАМАНОВА ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ
Біз егемендік алғалы бері ана тіліміздің кейбір жағдайда жетім бұрыштан тұрғандығы байқалады. Әрине, бұл тек қана өзге тілді ұлт өкілдері ғана емес, тіпті, өзіміздің қаракөз қазақтарымыздың арасында да сондай күй кешіп жатырмыз. / Міне осыған орай, қазіргі кезде де ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз ана тілімізді біліп қана қоймай, ұлықтауымыз керек, – деп айтқан еді.
Иә, мемлекеттік тілді қолдайтын заң шығып та қойды. Яғни, қазақ тілінің аясын кеңейту сіздің қолыңызда. Сіз кез-келген құжаттың қазақ тілінде болуын сіз талап ете аласыз. Бірақ, біздің көршіміз Ресей, демек орыс тіліне де түсіністікпен қарау керек. Себебі мұның екінші жағы да бар, деді жауаптылар.