BASTY BETJAŃALYQTARQOǴAM

ҚР ІІМ қазақстандықтарды ақылы түрде қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін жауапкершілік бар екенін ескертті

Әлеуметтік желілерде шетелдік қарулы күштермен ақылы келісімшартқа отыруға шақыратын жарнамалық материалдар мен бейнероликтер тарап жатыр.Министрліктің мәліметінше, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.Егер Қазақстан азаматы шетел аумағындағы әскери әрекеттерге немесе қарулы қақтығыстарға заңсыз әрі қасақана қатысса (жалдамалылық белгілері болмаса), ҚК 172-бабына сәйкес, ол 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.Ал егер адам жалдамалы ретінде қатысса (ҚК 170-бабы), құқықбұзушылықтың ауырлығына байланысты 7 жылдан бастап өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру, азаматтығынан айыру (немесе онсыз), сондай-ақ мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *