BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Бүгін Жамбыл облысындағы аудандар бойынша 25 шақырылушы Отан алдындағы борышын өтеу үшін Қордай ауданына салтанатты түрде жөнелтілді.

Жергілікті атқарушы органдардың учаскі базасында 195 қалалық және аудандық қабылдау комиссиясы жұмыс істейді. Жауаптылардың айтуынша әскерге шақыру комиссиялардың жұмысына сарбаз аналар комитеті мен жұртшылық өкілдерінің қатысуымен қамтамасыз етіледі.

Биыл елімізде күзгі науқанда 19 мыңнан астам азамат мерзімді әскери қызметке шақырылған. ал облыс бойынша олардың саны 1,5 мыңнан астам. Сондай-ақ мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әскери қызметтің беделін арттыру жұмыстары қолға алынған. Бүгінгі күні мерзімді әскери қызметшілерге несиелік демалыс беру шаралары жүзеге асырылып отыр.

– Бүгінгі таңда мына бірінші алғашқы кетіп бара жатқан команда шегара қызметіне. Бүгінгі күнге салтанатты түрде шығарып салу рәсімі департамент біздің Жамбыл облысының департаметі мен бірлесе отырып ұйымдастырылған. Шақыру комисиясының жұмысының нәтижесі бойынша шақырушылар әскер қатарына жіберіледі. Заңды түрде егер шақырушылардың кейінге қалуға негізі жоқ болған жағдайда балалар әскерге шақырылады,-дейді Қуаныш Симтиков, ЖО департамент басшысының орынбасары

Биыл қорғаныс министрлігі 70-тен астам жоғарғы оқу орындарымен келісімге қол қойды. Айта кету керек, бүгінге күнге дейін әскери борышын өтеген 180-нен астам қазақстандық жоғары оқу орындарына тегін түскен. ал 400-тен астамы ақылы негізінде біліп алып жатыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *