BASTY BETJAŃALYQTARQOǴAM

ОТБАСЫ ТЫНЫШТЫҒЫ – ҚОҒАМНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

Әрбір жеке тұлғаның ең алғашқы қадамы, ортаны тануы отбасынан басталады. Сондықтан шаңырақтың шайқалмауы, ата-аналарының сыйластықта болуы ең әуелі бала үшін маңызды. Отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі, бүгінгі қоғамдағы үлкен дертке айналған ажысару мәселесі Жамбыл ауданында өткен жиында талқыланды. Тәрбиелік маңызы бар бас қосу 8 қыркүйек – Отбасы күніне орай ұйымдастырылды.

Бас қосуға құқық қорғау, психолог және әлеуметтік сала мамандары мен осы бағытта жұмыс атқарып жүрген жауаптылар шақырылды. Жамбыл облыстық Әділет департаментінің мәліметінше облыста алимент өндіру бойынша 18 610 өтініш қаралуда. Ерлі-зайыптылардың екіге кетуінің ең бірінші себебі қаржылық мәселе мен ішімдік салдарынан болатын жан жал.

Отбасыдағы мәселелердің туындауына ең басты себеп – жастардың тәрбиесіне, заман талабына сай өзгеріп кеткен ұғымына тікелей байланысты. Осылай деген аудандық ардагерлер мен аналар алқасының ардагерлері жастарға ақыл айтып, мамандарға өмірлік жиған-терген тәжірибелері мен бөлісті.

Бұл жиында бұдан өзге де жанұядағы ауыз біршілік, бала тәрбиесі жайында тұщымды пікірлер айтылды. Мамандар мәселені шешу бағытындағы жұмыстары мен бөлісіп, алдағы уақытта да бірлесе жұмыс жасауға келісті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *