BASTY BETJAŃALYQTARQOǴAMЗаңҚылмыс

ПРЕЗИДЕНТ: БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІНЕ МӘН БЕРДІ

Президент балаларға жасалған зорлық-зомбылықтың жазасын күшейтуді талап етті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасады. Сондықтан жас ұрпақтың Қазақстанда қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруі барынша қамтамасыз етілуі тиіс. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың психикалық саулығы – өте маңызды мәселе екендігін ерекше атап өтті.

– Жол ғимарат, киім-кешек азық-түлік яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек. Зорлық зомбылыққа және қысымға яғни бульингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керек,-дейді Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР президенті

Еліміздің бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиеваның айтуынша, Қазақстанда күн сайын 1-2 бала өз-өзіне қол жұмсайды немесе сондай ой туындайды. Бұдан бөлек, балалар арасында 1 күнде 5 қылмыс жасалады. Буллинг мәселесі де өзекті. Жылына 150 бала терезеден немесе люктерге құлап кетіп жатыр», – дейді. Бұл орайда мамандар мемлекет басшысының жолдауда айтқан тапсырмалары осы мәселелердің шешімі болатындығына сенімді.

– Қазіргі таңда зорлық зомбылыққа қарсы заңның жоқтығынан құқық қорғайтын органдар басқа баптарды қолдануға мәжбүр болып тұр. Президентіміздің жолдауындағы барлық міндеттер нық орындалса балаларымыздың болашағыда жарқын болады балаларымызда күшті болады деп ойлаймын,-дейді Даурен Бағжанов, ЖО бойынша бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі

Мамандар айтуынша,балаға қауіп қоғамнан ғана емес ата анасынан да болуы мүмкін. Бұған қатысты заң әзірге қарастырылып жатыр. Заң қабылданса мәселен, әкесі балаға күш көрсетіп, шағым түссе бұрынғыша ескерту жасалып, үй қамақпен құтыла алмайды. Заң жүзінде қамауға алынады дейді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *