JAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE

ӨҢІРЛІК БАСҚАРУДЫ ӨЗГЕРТЕТІН БАСТАМА

Енді еліміз тағы бір маңызды кезеңді бастан өткермек. Алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін халық сайлайды. Айта кету керек, бұған дейін 2 жыл қатарына ауыл әкімдері жергілікті тұрғындардың дауыс беруі арқылы басшылық қызметке тағайындалып келген болатын.

Сонымен қатар,енді аудан әкімдеріне бюджет қаржысын басқару құқығы беріледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында бұл бастаманы дұрыс шешім ретінде санайтынын жеткізді. Яғни, бюджет қаражатын қайда, қалай жұмсау қажеттігін сол елдімекендегі жергілікті әкімдіктен артық ешкім білмейді. Сондықтан мәселені тез шешу және аймақтарды дамыту жолында бюджет қаражатын аудан әкімдеріне басқару құқығының рөлі ерекше болмақ.

– Жолдауда көтерілген мәселелер өте ауқымды оның ішінде қазіргі аудан әкімдерін сайлау мәселесіде қызығушылық тудыруда. Президент айтты бюджет аралық қатынастарды да шешу керек ол жаңа салық кодексінде шешіледі деді. Өйткені бұл жердегі шешімін күткен мәселе өте көп мысалы президенттің саясатына сәйкес орталықтандыру принцпі жүріп жатыр,-дейді Рахметілда Рахманбердиев, мемлекеттік қызмет саласының зейнеткері

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *