JAŃALYQTARQOǴAM

НҰРГҮЛ ТАУ: «БІЗ АЖЫРАСУДАН ЕКІНШІ ОРЫНДАМЫЗ»

«Бізге отбасы мәселесімен айналысатын арнайы министрлік керек. Өйткені еліміз ажырасудан екінші орында». Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Нұргүл ТАУ әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі кеңеске осындай пікірін білдірді. Жамбылға арнайы келген келген мәсжіліс депутатының жұмыс сапары туралы алдағы бейнематериалда.

Бала тәрбиесі, суйцид, отбасы мәселелері. Бұл бүгінгі қоғамдағы өзекті тақырыптар. Парламент мәжілісінің депутаты Нұргүл Тау аталған проблемаларды шешудің жолдарын бірлесіп қарастыру керектігін жеткізді. Өйткені, мемлекеттің дамуы – отбасы институтынан басталады дейді.

– Отбасымен жастармен, әйелдермен, балдармен айналысатын бір оргон бөлек болғанын қалаймын. Сол бойынша депутаттық сауал жолдадым, үкімет тарапынан қолдау келгені туралы маған ақпарат келді. Енді ары қарай бірге жұмыс істейтін боламыз. Мен ойлаймын шыныменде бір жүйелі жұмыс атқаратын оргын болғанда нәтиже көрсетеді,-дейді Нұргүл Тау, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы іс-сапары аясында «Бақытты болашақ» оқушылар сарайының жұмысымен де танысты. Мәжілісмен ландшафтық дизайн кабинеттерін, сәулет және дизайн мектебін, коворкинг орталықты мен планетарийді жеке жеке аралап көрді.

Айта кету керек, оқушылар сарайында барлығы 90 үйірме жұмыс істейді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *