JAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

30 ТАМЫЗ – КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ

30 тамыз Конституция күні. Айтулы мереке қарсаңында облыс әкімінің қатысуымен өңір орталығында мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиында бірқатар азамат «облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, аймақ басшысының құрмет грамотасы және алғыс хатыммен марапатталды. 12 азаматқа сахна төрінде құрмет көрсетілді.

Айтулы шарада жиналған қауым ең алдымен ҚР Президенті архивінің құжаттар көрмесін тамашалады. Мұнда еліміздің ең маңызды саяси кезеңдердегі реформалары мен қаулылар назарға ұсынылған. ал мерекелік жиында алғаш болып сөз алған облыс әкімі жылы лебізін білдірді.

– Құрметті жамбылдықтар! Ата заңның қағидаттары мен нормаларын ұстану, Конституциялық құндылықтарды қорғау әрбір азаматтың құрметті борышы және қасиетті міндеті. Біздің басты құндылықтарымыз тәуелсіздігіміз бен бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!,- дейді Нұржан Нұржігітов, Жамбыл облысының әкімі

Ата заң күніне орай ұйымдастырылған іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Облыс өнерпаздары әннен шашу шашып, көрерменнің қошеметіне бөленді. Айта кетейік, биыл ҚР конституциясы қабылданғанына 28 жыл толып отыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *