BASTY BETJAŃALYQTAR

ТҮРІК ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САПАРЫ

Іс-шараға отандық ақпарат саласының өкілдерімен қатар, түрік елінің білікті мамандары қатысты. Атап айтқанда, Балыкесир Журналистер одағының төрағасы Рамазан Демир, Түркия Ақпарат министрлігінің мамандары, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары сөз сөйледі. Халықаралық жобаны ұйымдастырған – «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ мен Дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясы.

– Бізді құрметтеп шақырып, қошеметтеп қарсы алғандарыңызға алғыс білдіремін. Бізге Алматы қаласының әсем табиғаты қатты ұнады. Меніңше, қазақ-түрік журналистерінің арасында басталған кәсіби ынтымастықты бұдан кейін жергілікті басқару, әкімдік, мемлекеттік қызметкерлер арасында жалғастыру керек. Түркиялық, қазақстандық журналистерде кездесетін қиындықтар мен кедергілерді ақылдасып, кеңесіп шешетінімізге сенемін. Ынтымастық кезінде де осы мәселе қаралады. Империализмнің күшейген тұсында журналистердің тек шындыққа негізделген нақты ақпаратты беруі арқылы мемлекетті дамыта алатынына сенеміз. Біз журналистер басқалардың емес, халықтың дауысы, үні болуымыз керек. Ақпараттық технологиялардың дамыған кезеңінде, жасанды интеллекттің өркендеген дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан журналистиканы жаңа үдерістерге бағыттай отырып дамытуымыз керек, – дейді Балыкесир Журналистер одағының төрағасы Рамазан Демир.

Кездесуде «Масс-медиа туралы» заң жобасы аясындағы түрлі мәселелер қозғалды. Түркиялық әріптестер өз елінде осы заң аясында журналистерге қандай қаржылық көмек көрсетілетіндігін атап өтті.

– Түркияда журналистерге барлық жағдай қарастырылған «Масс-медиа туралы» заң жобасында олардың құқығы мен міндеттері ашық әрі нақты жазылған. Интернет-порталдар мен сайттарға қайтарымсыз несие қарастырылған. Журналистерге пайызсыз несие беріледі. Журналист қаза тапқан немесе оқыс оқиғаға тап болған жағдайда, отбасына қайтарымсыз көмек беріледі. Сонымен қатар, журналистерді кәсіби тұрғыда дамыту мақсатында семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылады. Мемлекет тарапынан журналистерге көрсетілетін мұндай көмек қарапайым халықтың нақты ақпаратқа қол жеткізе алуы үшін журналистердің алаңсыз жұмыс істеуіне мүмкіндік беруге жасалады. Бұған дейін газеттерге ғана осындай қаржылық көмек берілетін, кейін қайта қаралып, заңға өзгерулер енгізілді. Енді сайттағы тілшілерге де осындай көмек көрсетіле бастады. Алдағы уақытта да журналистерге «Масс-медиа туралы» заң жобасы аясында көмек көрсетілмек. Түрік журналистерінің шетел журналистерімен ынтымақтастық орнатқандарын қолдаймыз, – деді «Бірлік» газетінің басшысы Х. АЙКУТ КОНЯ.

Балыкесирден келген журналистер қауымы баспасөз картасының маңыздылығына тоқтала кетті. Еске салайық, еліміздегі «Масс-медиа туралы» заң жобасында да баспасөз картасы енгізілетіндігі туралы айтылған еді.

– Біздің елімізде баспасөз картасын арнайы комиссия мүшелері береді. Оның құрамында Журналистер одағы, үкімттік емес ұйымдар, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері бар. Егер журналист шарттарға сәйкес келсе, журналист болып жұмыс істеген әрбір адамға береді. Бұдан тілшілерге ешқандай қысым келмейді. Керісінше, карточкасы бар журналистерге ұшақпен ұшуға, байланыс, т.б салаларда жеңілдік болады. Сондай-ақ, журналистерге арналған арнайы паспорт беріледі. Бұның көмегімен АҚШ пен Канададан басқа елдерге визасыз бара алады. Сіздер де заң жобасынан осыны талап ете аласыздар. Біздің елде мемлекеттік, оппазизиялық барлық БАҚ өкілдеріне қаржы бөлінеді. Осылайша, журналистердің жұмыс істеуіне, халыққа шынайы ақпарат жеткізіуне қол ұшымызды созамыз, – дейді Рамазан Демир.

Басқосу аясында өрбіген тренингте әлемдік медиакеңістіктегі баспасөздің рөлі, салалық журналистиканың артық­шылықтары туралы айтылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *