BASTY BETBILİKBIZNESJAŃALYQTARQOǴAMАймақ

ИНВЕСТОРЛАР ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУҒА ДАЙЫН

Халықаралық инвестициялық форумға келушілердің 100-ден астамы цифрландыру салалары мен секторларында инвестициялық мүмкіндіктерді ілгерілету мақсатында жасалған арнайы көрменге қатысты. Иран, Литва, Қытай және Сауд Арабия елдерінен келген инвесторлар мен отандық бизнес өкілдері жас ғалымдардың өнертабысымен танысты, – деп хабарлайды taraz24news.kz.
Халықаралық инвестициялық форум – тың идеялар мен жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін алаң. Сондықтан ашық көрме аясында жас өнертапқыштардың жобалары қойылған. Қонақтар назарына ұсынылған туындылардың бірі –Biomeliorant тыңайтқышы. Оны Ресей мен Польша фермерлері көптеп қолданады екен. Жердің құнарлығын арттыратын қоспа сарапшыларды таң қалдырып, жақсы өнім берген көрінеді.
Дәулет ЕГЕМБЕРДИЕВ, ЖАС ҒАЛЫМ
-Жердің тұздылығы, құнарының төмендеу, әртүрлі осы секілді мәселерді шешу жолында жұмыс істеп жатрмыз. Біз ол жолды білеміз. Енді үміт. Ниет және тәуекел бар. Болашақта барлығы шеліледі деп ойлаймыз.
Көрме аясында Иран елінің өкілдері Қазақстанға, соның ішінде Жамбыл облысымен түрлі сала бойынша жұмыс істеуге ұсыныс білдіріп отыр. Өңір экономикасына инвестиция тартуға дайын екендіктерін жеткізді.
Мохсен ФАГАНИ, ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАС КОНСУЛЫ
-Өздеріңіз білетіндей Иран мемлекетінде 85 млн-ға жуық халық бар. Әрі жер көлемі, 1,5 млн кв метрден асады. Қазіргі уақытта біздің ғылым, ауыл шаруашылығы саласында тәжірибеміз көп. Ислам мемлекеті саналатын Иран мемлекеті Қазақстан республикасымен, оның ішінде Жамбыл облысымен жеке әртүрлі салада жұмыс істеуге ниеттіміз. Инвесорлыққа дайынбыз.
Көрмеде жамбылдық ғалымдар авторлық жобаларын таныстырды. ІТ саласының мықты мамандары түрлі кейстер ұсынды. нақтырақ айтсақ, мобильді қосымшаны әзірлеу, чат-бот жасау, сайт әзірлеу. Ал ботаникалық бақта агро салада маңызы зор түрлі қондырғылар қойылған.

Гүлнар Тайжан, taraz24news.kz.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *