Storytelling

ОЙЫҚТА КӘСІПКЕРЛЕР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

Жамбыл облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасына биыл теңгеге 10 ауданнан 26 ауылдық округ еніп отыр. Бес бағыттан тұратын жобаға қатысуға ниетті азаматтар қатары да артып келеді. Айталық, Талас ауданы Ойық ауылының тұрғындары 2,5 пайыздық несиені алып табыс көзін тапқан. Бірі ауылға қажетті көлік жөндеу орталығын ашса, енді бірі бие байлап қымызды кәсіп қылып отыр.

Фахраддин Рахаев-Ойық ауылының тұрғыны. Бұған дейін үй ауласында бұзылған көліктерді жөндеумен айналысып жүрген. Күнкөріс көзі болса да салқын түссе жұмыс істеу қиындық тудыратын-,дейді. Биыл елдімекен пилоттық жобаға енген соң, өз ісін ашу үшін жеңілдетілген несиеге өтініш тастаған. Қазір ол жеке көлік жөндеу орталығы мен өз-өзіне қызмет көрсету орнын ашып отыр.

– техникадан хабарым болғаннан кейін, 2,5 пайызбен несие алдым. 3 млн 950 мың алдым. ішіне керекті техника алдым. ауылдың игілігі үшін алдым,-дейді Ойық ауылының тұрғыны Фахраддин Рахаев

Ауылда «Ауыл аманаты» жобасы аясында кәсіп ашқан тағы бір азамат бар. Тілеу Төлежанов мемлекеттің қолдауымен 19 бас жылқы алған. Қазір қымыз сатып, табыс тауып отыр. Айтуынша күніне 6 бие сауылып, 25 л өнім алады. Бие сүтін ауыл арасында ғана емес, қалада да сатылымға шығарған.

– 2,5 пайыздық кредит алдым. жемісін көріп отырмын. әкімдікке рақмет. 7,5 млн алғам,-дейді Ойық ауылының тұрғыны Тілеу Төлжанов

Жалпы облыста бағдарлама аясында жалпы сомасы 13 млрд. теңгеге 2146 өтінім келіп түскен. 1,8 млрд. теңгені құрайтын 323 жоба қаржыландырылыпты. айта кету керек, азаматтардың басым бөлігі мал шаруашылығы бағытын таңдаған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *