Storytelling

«TOMIRIS» КУРСЫ БАСТАЛДЫ

Елордада Тomiris ақпараттық білім беру бағдарламасы басталды. Биыл да жобаға қатысуға ниетті нәзік жандар көп болған. Қазақстанның түк­пір-түкпірінен 306 өтініш түскен. Арнайы іріктеуде тек 42 қыз-келіншек таңдалып алынған. Айта кету керек, ақпараттық білім беру бағдарламасына Жамбыл облысынан бір ғана азамат жолдама алған. Ол Тараз 24 телернасының директоры Зарина Пердыбекқызы.

Жалпы мемлекеттік қызметшілер, ҮЕҰ өкілдері, кәсіпкерлердің басын қосқан жиынның алғашқы 4 күнінде дәрістер оффлайн форматта өтсе. Кейін қатысушылар қашықтықтан оқытылады. Курста көшбасшы қыз-келіншектерге тәжірибелі мамандардан қаржылық сауаттылық, көп алдында сөйлеу, тайм-менеджмент секілді түрлі тақырыптарда дәріс оқылады. Алғашқы күні күні өткен жылығы түлектер арнайы келіп, жобаның мүмкіндіктері жайлы пікірлерін білдірді. Олардыңың қатарында тараздық Әйгерім Дәулетбаева да бар.

– Жалпы әйелдер көшбасшылғы біздің елде орта азия елдерімен салыстырғанда алдыңғы қатарда деп айтамыз. Бірақ өзіміздің ішкі резервтерімізді дамыту үшін үлкен мүмкіндіктеріміз де бар. 2010 жылдан бастап 2022 жылға дейін ұлттық комиссия барлық мәслихаттарда, аудандарда әйелдердің болуын бақылауға алды. 2010 жылы 10 пайыз әйелдер болса мәслихатта, 2022 жылы 30 пайызға дейін жеткіздік,- дейді Ляззат Сүлеймен, ҚР парламенті сенатының депутаты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *