Storytelling

«ЖАСЫЛ ЕЛ-ТАРАЗ» МЕКЕМЕСІНДЕ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

«Мектепке жол» акциясының шарапатын Тараздың тазалығы мен келбетіне тікелей жауапты «Жасыл ЕлТараз» мекемесінің мамандары да көрді. Бүгін ұжымның кәсіподақ ұйымының атынан көпбалалы отбасылар мен үздік оқушылары бар ата-аналарға сертификат берілді.

30 мың теңгенің сертификаты 30 маманға салтанатты түрде табысталды. Мекеме басшысы әріптесіріне жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, балалары биіктен көрінсін деп тілек білдірді. Айта кетейік, мұндай іс-шаралар әкімшілік тарапының ұйымдастыруымен жиі өткізіліп тұрады.

– Қыста көмір беріледі. Отын беріледі. Кейбір отбасылардың үйін жөндеп беруге ұжым болып атсалысып жатырмыз. Құрбан айт кезінде ірі қара сойылып, 100-ден аса отбасыға ет таратылды, – дейді Азамат Абишев, “Жасыл ел – Тараз” ЖШС директоры

Сертификат арқылы енді ата-аналар Тарақ қаласында орналасқан «ABDI» кеңсе тауарлары дүкенінен қажетті құрал-жабдықтарды алады. Балалары үшін қуанған ата-аналар алғысын білдірді

– Жасыл тараз мекемесінде 2014 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатырмын. Қоғамдық жұмысшымын. Әр мереке сайын, жаңа жыл, наурыз, құрбан айтта осындай көмектер көрсетіп тұрады. Алғысым шексіз,- дейді Ақбөпе Байқожаева, ” Жасыл ел- Тараз” мекемесінің маманы

Мекемеде дәл қазіргі таңда 810 адам жұмыс істейді. Тазалыққа тікелей жауапты мамандардардың орташа жалақысы 160-180 мың теңгені құрайды. Айта кету керек, мамандар күнделікті бір мезгіл ыстық тамақпен және жұмысқа қатынау үшін қоғамдық көлікпен қамтамасыз етілген.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *