Storytelling

ӘКІМ ЕСЕБІ: БҮГІН ЖӘНЕ ЕРТЕҢ

Бүгін облыс әкімі Нұржан Нұржігітов өңірдің 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша арнайы есеп берді. БАҚ өкілдерінің басын қосып, алдағы жоспарларымен де бөлісті. Біраз қадау-қадау мәселеге мінберде жауап берді. Бастыларын тілші баяндасын.

2025 жылға дейінгі облыстың даму жоспарында жұмыс орындарын ашуға үлкен мән беріліп отыр. Оның ішінде, өнеркәсіп, агросала айтарлықтай алға жылжуы тиіс. Әсіресе, Халықтың табысын арттыру жобасы жанданып, 25 мың жеке кәсіпкер, 7, 5 мың жұмыс орны ашылады,  – деп күтілуде.  Жуырда ғана бұған қызығушылық танытқан жоғарыдағылар Жамбылда бастау алған жоба барлық өңірде жалғассын, – деген еді.

Нұржан НҰРЖІГІТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Несие өтеліп, елді мекендерде жұмыс жалғасуда. Енді қалған 139 елді –мекенде жобаны жүзеге асыру үшін мемлекеттен қаржы керек. Үкімет мұны қолдады, ақша бөлетінін айттты. Енді кадрды реттеп, іске кірісеміз.

 Өңірдегі өзекті мәселеге айналған жайылым тапшылығы, күні кеше жұртты шулатқан экологиялық түйткіл –  «Қазфосфат» жайы да қаузалды. Нұржігітов 26 шілдеге дейін министрлік қолға алған зерделеу жауабын күтуді өтінді. Сондай-ақ, жамбылдықтар саны жылдан-жылға артып келе жатқанын атап өткен әкім тұрғын үй мәселесі кезең-кезеңімен шешіледі, – деп сендірді.

Нұржан НҰРЖІГІТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

 Биыл 4 388 пәтерлі 68 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңында 3 120 пәтерлі 47 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.  Коммуналдық шаруашылық саласы да өзекті.  Жұмысымызды айқындадық.  30 елді мекенде 40 мың тұрғын сапалы ауыз су, 17 елді мекенге газ тартылады.

 

 Сондай-ақ, облыс әкімі жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесін 99,5 пайызға дейін жеткізу жоспарда, – деді. Сан салаға қатысты сауалдар арасында мәдениет пен спорт салалаларының жұмысына көңіл толмайтыны да баса айтылды.

Нұржан НҰРЖІГІТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Иә, мәселе өте көп. Бәрін шешу керек. Зиялы қауым өкілдерін жиып, өткенде бұл туралы айттық. Сұрақ көп.

Әкім кадр мәселесіне де ерекше көңіл бөлінгендігін жеткізді. Соңғы уақытта орын алған өңірдегі ауыс-түйіс көптің көңілінен шығады, – деді ол. Себебі,

 Нұржан НҰРЖІГІТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Меритократия әдісімен жұмыс істеуді қолға алдық. Өңірден шыққан, әбден ысылған азаматтар тағайындалуда. Бұл – үлкен өзгеріс. Өздеріңіз де байқап жүрсіздер.

 Әлеуметтік желідегі мәселелердің бәрі менің назарымда, – деген Нұржігітов сөзін «Жаңа Қазақстанда» аттандайтын айғайшыларға жол жоқ екендігін еске салды. Бүгінгі қоғамдағы ұстаным – тәртіпке бас иген құл болмайды, – дегенді тілге тиек етті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *