ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР
Жамбыл облысында биыл жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жуалы ауданында да Қарасаз бен Бауыржан Момышұлы ауылдарында асфальт жабындысы төселу үстінде. Биыл ауданда осы бағытта 23 жоба «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында іске аспақ.
Жуалы ауданында биыл елдімекендердегі ауылішілік 42 мың шақырымға жуық жол жөнделмек. Яғни 49 көше. Оның ішінде Қарасаз ауылы да кіріп отыр. 4 көше мен бұрылыстар қамтылған. Мердігер «ДорМост строй Сервис» қазір орта жөндеу жұмыстарын аяқтаған. Тек Жамбыл көшесінің бұрылысы ғана қалған. Оны «Инвест-mk» ЖШС қолға алыпты.
– Округ бойынша 15 көшенің ішіндегі 12 сі бүгінгі таңда ауыл ішілік жолдардың 11 асфальттталған 1 көше қалды Қарасаз аулы нурлыжол көшесі 2024 жылдың жоспарына еніп бұл мәселеде өз шешімін табатын болады,-дейді Жанар Нұрмұратқызы, Қарасаз ауылдық округінің әкімі
Дәл осындай жөндеу жұмыстары Б.Момышұлы ауылындада басталған. 136 млн теңгеге 18 көшеге асфальтталмақ. Жолдардың жалпы ұзындығы 5 шақырымнан асады. Ауыл көшелерін жөндеуге «Қазына құрылыс 2020» компаниясы жауапты. Мердігер қазір 10 көшенің жөндеу жұмыстарын аяқтаған.
– Қазіргі таңда 80 пайызы атқарылып қойды 18 көшенің 10 көшесін салдық қалған қысқа қысқа көшелерінің основаниясы істелініп енді асфальт тосеу жұмыстары басталып жатыр,-дейді Сағи Әбдуғалиев, «қазына құрылыс 2020» компаниясының басшысы
Жалпы Жуалы ауданы бойынша автомобиль жолдарының ұзақтығы 561,2 шақырымды құрайды. Оның 52 мың астамы биыл орта жөндеуден өтеді.