BASTY BETJAŃALYQTARQOǴAMАймақ

ЫСТЫҚ СУ ҚАШАН БЕРІЛЕДІ?

Жыл сайын жаз мезгілі келе салысымен ыстық су өшеді. Биыл да Тараз көшелерінде жерасты су құбырлары жөнделіп жатыр дейді мамандар. 1 маусымнан бері тоқталған ыстық су қашан қосылады?

Бұл жолы көпқабатты тұрғын үйлердегі ыстық су Байзақ батыр көшесіндегі жылу желілері мен анықталған ақауларды жою негізінде уақытша өшкен.1 ші маусымнан бері мамандар үш кезең бойынша тозығы жеткен жылу желілерін жөндеп жатыр. Оған мемлекеттен 810 млн тенге қаражат қарастырылған. Жылыту маусымында ешқандай олқылықтар орын алмайды дейді мамандар.

-Біз козолдарымызды басқа да осы жерде қысқа дайындық дүниелерімізді сол 1 ай да өткіземіз соның барлығын жобасын келтіріп ыңғайға келтіріп болып қалдық. Келесі апта суымызды толтыруға бастаймыз соның барлығы аяқталып келе жатыр ремонт. Алла қаласа 30 күні түнгі сағат 12-де ыстық суды қосамыз.-дейді «Тараз Энерго орталығы» АҚ ПРЕЗИДЕНТІ Жұмабек Бөлекбаев

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *