ӘКЕ – ОТБАСЫ БӘЙТЕРЕГІ
Маусым айының үшінші жексенбісі әкелер күні. Елімізде отбасылық құндылықтарды насихаттау, ата-ана институтын нығайту мақсатында осындай мейрам белгіленген еді.Жалпы шаңырақтың ұйытқысы, қамқоршы, тірегі саналатын әкенің орны ерекше. Біздің Жамбыл облысында да көп үлгі бола алатын отбасылар жетерлік.
Қуанышбек Құрамаев көкпардан Қазақстанның бас жаттықтырушысы. 4 ұлы мен 1 қызы бар. Бес баланың әкесі қамқорлықпен мейірімімді аямаймын, тәрбиелеріне аса мән беремін дейді. Әркез әкелік ақылын, кеңесін айтып, балаларына салауатты өмір салтын ұстануға бағыт-бағдар беріп отырады.
-Балам жатығу керек любой спортта фанатизм болу керек. Фанатик болсаң любой сорттың шыңына жетесін. Әшейін жүре бермеу керек. Істеу керек барлық вазможностьтар бар сендерде. Құдай қаласа мен сендерді үлкен үлкен спортсмендердің қатарынан көруге ниет қыламын. Құдай қаласа сендер спортсмен боласыңдар, палуан боласындар, чемпион боласындар. Біз сендермен мақтанатын болайық,-дейді көкпардан қазақстанның бас жаттықтырушысы Қуанышбек Құрамабаев
Аслан 10 сыныпта оқиды. Сабақтағы жақсы үлгерімі үшін 125 білім беру орталығы арқылы Түркия, Дубай, Еуропа мемлекеттерінде болған. Ол артынан ерген інілеріне үлгі. Ал кіші бауырлары әке жолын қуып, спорттың еркін күрес түрімен шұғылданып, бас жүлделерге ие болып жүр. Десе де үйдің үлкені Аслан «үлгі тұтатын бірінші адам ол әкем» деп ерекше мақтаныш сезімін білдірді.
-Әкем әрқашан да балам сабырлы бол. Өзіңді ұста ер жігітке ұстамды болған жарасы деп айтады. Сол кісілерге қарап өзіміз бой түзейміз. Әкемнен үлкен пример алам. Ата-анамды қолдап. Бізге жасаған жақсылықтарын 2-3 есе қайтару,-дейді Құрамабаевтың баласы Аслан Қуанышбекұлы
Әкелері ұлдарын әр кез қасына ертіп жүреді. Ұлттық спорт түрін ұнататын жеткіншектер әр демалыс күні жылқыларға қарап, көкпар шабады. Қуанышбектің өзі балалармен өткізген әр уақыт бағалы. Олар біздің болашағымыз. Біз басқан жолменен тәлім-тәрбие алады дейді. Сондай-ақ, әр ата-ана баласына барынша қолдау көрсетіп, мейірімін аямаса екен деген тілегін білдірді.