BASTY BETBİLİMJAŃALYQTARАймақ

«МЕНДЕЛЕЕВ СЫНЫПТАРЫ»: ТҮЛЕКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Мұхамед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде “Менделеев сыныптарының” түлектеріне сертификаттар табыстаудың салтанатты рәсімі өтті, – деп  хабарлайды «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.

Өткен жылы “Қазфосфат” ЖШС, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті және Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті арасындағы үшжақты келісім аясында алғашқы Менделеев сыныбы ашылған еді. Осылайша, 2023 жылдың 2 қазаны мен ағымдағы жылдың 24 мамыры аралығында Тараз қаласында Ресейдің Менделеев атындағы химия-технологиялық университеті мен Дулати университетінің оқытушылары 10 және 11 сыныптарда 22 оқушыны оқытыпты.

  • Бұл жоба өңіріміздің табысты және жетекші жобаларының бірі. Мемлекет басшысының өзі бұл бастамаларды қолдайды. Дулати университеті өткен жылдан бері жергілікті мектептердің 10-11 сынып оқушыларына арналған Менделеев сыныптары табысты жұмыс істеп келеді. Болашақта балалар осы ЖОО-ға түсе алады. Сондай-ақ олардың Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінде оқуға мүмкіндігі бар, – дейді PHD докторы Раушан Таубаева  

Тараз өңірлікуниверситетінің стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Шолпан Есімованың пікірінше, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы үш жақты келісім аясындағы жұмыс, сондай-ақ қос диплом бағдарламасын іске асыру жемісті нәтиже берген. «2+1+1» форматындағы бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша болашақ химик-технологтар алғашқы екі курсты Таразда Дулати университетінде, үшінші курсты Мәскеуде, төртінші курста оқумен қатар «Қазфосфат» ЖШС кәсіпорындарында жұмыс істейді.

  • Мен сізге “Менделеев сыныптары” жобасы туралы айтқым келеді. Бұл жоба Дулати университетінің базасында жасалған. Мұнда химия және математика бойынша дәрістер өткізіледі. Мұғалімдер бізге практикалық білім береді. Маған химия дәрістері өте ұнайды, – дейді Менделеев сыныбының түлегі Умид Бабаев  

Іс-шараға білім беру саласының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің, “Қазфосфат” ЖШС қызметкерлері, сондай-ақ Дулати университетінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Кездесуде 10-11 сынып оқушыларына, сондай-ақ олардың ата-аналарына сертификаттар табысталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *