BASTY BETJAŃALYQTARQOǴAM

БҮГІН НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВТІҢ ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ ТОЛДЫ!

Бүгін қазақ даласын күмбірлі күйімен тербеген дәулескер күйші, сайыпқыран сазгер Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толды. Осыған орай еліміздің жарық жұлдызына айналған өнер қайраткерінің мерейтойы ұйымдастырылып, 25 балаға арналған Тілендиев музыка кабинетінің лентасы қиылды.

Ұлттық өнер қорына мол мұра қалдырған ақиық өнер иесі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы Республика көлемінде тойланып жатыр.Осыған орай ұлы тұлғаның құрметіне өңірде өткен жиында ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Сонымен қатар 300-ден аса оқушы мен 100-ге  жуық тәлімгері бар мектеп-интернатында компазиторға арнап жаңа жабдықталған музыка кабинеті жарық көрді.

“Ол кабинетте 25 балаға арналған парталар алынды, жаңа орындықтар қойылды, интерактивті тақта қойылды және балаларға арналған аспаптар алынды. Қазір бізде оқушылар оркестрі болса, болашақта ұлт аспаптар фольклорлық оркестрін құру жоспарда бар,” деді Н.ТІЛЕНДИЕВ атындағы мектеп-интернат директорының орынбасары Қарлығаш БАҚБЕРГЕНҚЫЗЫ.

Айта кетейік дәулескер домбырашыға арналып ұйымдастырылған 30 күндік  шара алдағы күндерде де жалғасын таппақ.

Автор: Мөлдір Аманбай

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *