JAŃALYQTAR

Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметіне жаңа автокөліктердің кілттері табысталды

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында: “Елдің басты құндылығы – адам. Бұл анық нәрсе. Сондықтан ұлттық байлықты тең бөлу және барлығына тең мүмкіндіктер беру реформаның басты мақсаты болып табылады. Егер ұлт сау болса ғана қоғам тұрақты дамиды. Медицина-бұл инвестициялауға қолайлы сала. Тек оған дұрыс жағдай жасау керек”. Осы реформаны орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің қолдауымен республикалық бюджет есебінен “Chevrolet Cobalt” маркалы 132 бірлік автокөлік сатып алынып, республикамыздың барлық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттеріне бөлінді. Оның ішінде Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне 11 автокөлік жеткізілді.

Жамбыл облысының аумағы Бетпақдаладан Тәңір тауына дейін, Шудан Қаратауға дейін созылып жатыр. Жер аумағы — 144,2 мың км². Облыста барлығы 10 аудан, 4 қала, 153 кенттік және ауылдық округтерде 379 ауыл бар. Халық саны 1 150 000 асады.

Жаңа автокөліктер облыстың аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына таратылды. Автокөлік Жамбыл облысы халқының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, оның ішінде аса қауіпті және жұқпалы аурулардың ошақтарын тексеру, сыртқы орта факторларына зертханалық зерттеулер жүргізу үшін пайдаланылатын болады.

Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің басшылығы мен қызметкерлері Денсаулық сақтау министрлігіне, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне үлкен алғыстарын білдіреді.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *