Storytelling

2022 ЖЫЛЫ 249 ЖОБАҒА БЮДЖЕТТЕН 88,8 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН

Оның 136-ы осы жылы тапсырылуы тиіс, 113-ы келесі жылға өтпелі. Аталған жобалардың 146 «Нұрлы жер», 45-і «Ауыл – Ел бесігі»), 33-і «Өңірлерді дамыту»), 3 нысан құрылысы Үкімет резервінен және      22-і білім беру субвенциялары  есебінен қаржыландырылған. Бұл туралы облыс әкмінің орынбасары Е. Ибрайханов айтты.

Бүгінгі күнге 78 нысанның құрылысы аяқталды. Білім саласында сметалық құны 28,2 млрд. теңгені құрайтын 28 нысанының құрылысы жүргізілуде. 20 жаңа мектеп, 1 мектептен тыс даму орталығы,  5 жапсарлас құрылыс, 1 колледжге ангар, 1 мектептің сыртқы инженерлік желілері мен абаттандырылуда.  2022 жылы 7,8 млрд. теңге қаржы бөлініп, 15 нысанда құрылыс жұмыстары аяқталған. Денсаулық сақтау саласы бойынша, сметалық құны         63,3 млрд. теңгені құрайтын 27 нысанның құрылысына 2022 жылы 33,3 млрд. теңге қаржы бөлініп, жыл қорытындысымен 20-ы тапсырылады. Оның ішінде: онкология, биозавод, БСЛ-3, емхана, 14 дәр. амбулатория, 6 медициналық пункт, 1 аурухананы қайта жаңарту, 1 емхананы қайта жаңарту,     1 жапсарлас құрылыс. 7 нысан 2023 жылға өтпелі.

Ерболат ИБРАЙХАНОВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

 

Бүгінгі күнде 14 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды.

Спорт саласында облыс бойынша 2,7 млрд. теңгеге
19 нысанның құрылысы жүріп (сметалық құны 6,9 млрд. тг),                           нәтижесінде 8 спорттық сауықтыру кешені пайдалануға беріледі. 11 нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі.
Бүгінгі күнде Қордай ауданы Сарыбұлақ ауылындағы және Талас ауданы Ақкөл ауылындағы спорт кешендерінің құрылысы аяқталды. Мәдениет саласы бойынша сметалық құны 3,5 млрд. теңгені құрайтын 12 нысанның құрылысына (1-і 2021 жылдан өтпелі)                 1,7 млрд. теңге қаржы бөлініп, осы жылы 6 нысанда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталады. 6 нысан 2023 жылға өтпелі. Бүгінгі күнде Шу ауданы Қонаев ауылындағы 180 орындық мәдениет үйінің құрылысы аяқталды.

 

Әлеуметтік экономикалық көрсеткіштер бойынша айтатын болсақ, 2022 жылы құрылыс саласына 225,9 млрд. тенгеге инвестиция тарту межеленіп, құрылыс жұмыстарының көлемі – 100,4%-ға орындау белгіленген болатын. Қаңтар – қараша айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 101,6% орындалды. Пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемін осы жылы               689,0 мың.шм орындау жоспарлануда.  Қаңтар – қараша айының көрсеткіші 100,0%-ға орындалды. Бүгінгі күнге облыс бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне 36 566 азамат тіркелген. Бүгінге, 1320 пәтерлі 19 үйдің құрылыс жұмыстары аяқталды. Ағымдағы жылы «Асарлатып үй салу» жобасымен 121 жеке тұрғын үйдің құрылысы жоспарланды. О.і. 72 жаңа құрылыс, 26 күрделі жөндеу, 23 сатып алу.

 

Ерболат ИБРАЙХАНОВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

 

Бүгінгі күнге 71 үйдің құрылысы аяқталып, тұрғын үйге мұқтаж отбасыларға табысталды. Қалған 44-і алдағы мереке күндері тапсыру жоспарлануда. Облыс бойынша жеке тұрғын үй салу үшін жер алуға           168 033 азамат кезекте тұр. Бір жыл 9 айда кезекке 39,6 мың азамат қосылды.

 

2022 жылы 9,2 млрд. теңге құрайтын 20 алқапта                   33 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жобаларының құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына 32 нысанның ҚМЖ аяқталады, ал қалған 1 нысан 2023 жылға өтпелі.                                   Нәтижесінде 3198 жер телімдері кезекте тұрғандарға тартуға дайын болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *