Storytelling

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 6 НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫС АЯҚТАЛАДЫ

Соңғы 10 жылда облыс халқының саны 145,7 мыңға өскен. Демографиялық өсім сан салада  инфроқұрылымға қажеттілікті де көбейтпек.  Осы ретте «Ауыл- Ел бесігі» жобасы бойынша 2022 жылы 82 елді мекенде 149 жобаға 14,2 млрд. теңге бөлінген. Атқарылған жұмыстардың жемісін қарапайым халық қаншалықты көруде? Мемлекеттік бағдарламалар мен олардың орындалу барысы кезекті мәслихат сессиясында қаралды.

Бүгінгі күнге 149 жобаның 97-сі толық аяқталып пайдалануға берілген. Ал, 34 жобаны жыл соңына дейін аяқтау жоспарда екен. Зерделеу жұмыстары нәтижесінде, құрылыс нормалары мен ережелерін сақтамау, бекітілген жобадан ауытқу, шартта көрсетілген мерзімде аяқтамау, сапасыз құрылыс материялдарын пайдалану сияқты жағдайлар орын алғаны анықталған.

Ғалымжан САҒЫНТАЕВ ЖО МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

Аудандардағы зерделеу жұмыстары барысында жол салу және жөндеу жұмыстары қызатын құрылыс маусымы кезінде битумның жетіспеушілігі орын алып, бірнеше ауданда құрылыс жұмыстарының тоқтап тұрғандығы анықталды. Мысалы, Жуалы ауданы Ақбастау ауылындағы Төле би, Қойгелді көшелері мен Береке тұйығы, 2,1 шақырым жолды орташа жөндеу жұмыстары 31.08.2022 жыл аяқталуы тиіс болғанымен, битум тапшылығына байланысты мердігер жұмыстарын аяқтамаған.

Жыл  қорытындысымен 24 нысанды аяқтау жоспарланса,  11 айдың қорытындысымен 24 нысанның 14-і ел игілігіне беріліп қойды.

Ерлан ОРЫНБАЕВ ЖО ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Тапсырылуға жоспарланған нысандардың 3 еуін атап өтсек болады.Өндіріскен кешігіп келесі жылға өтпелі болды. Ол ек Фок құрылысы, оның ішінде Жуалы ауданындағы Бауржан момышұлы және Қордай ауданындағы Қарасай дене шынықтыру спорт кешені ол жақта бір мердігер әділ жұмыс істеген.4 айдан аса жұмыс тоқтап тұр.

Жыл соңына дейін 6 нысан қабылданбақ. Қалғаны келер жылдың еншісіне енеді.

Нұржан НҰРЖІГІТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Өзіміздің жергілік атқарушы органдары осы қаржат келу үшін соңы 5-6 айдың ішінде орталық атқарушы органдармен тығыс жұмыс жүргізді. Енді біз қазір бюджетті нақтылауға 63 млд теңге нақтылауға бердік. Ары қарай жұмыс істейміз. Жоспарымыз бағы 50-60 млрд теңге қосылады. Сонда бюджетіміз 600 млрд теңгеден жылдық қорытындысымен асады. Сондықтан осы жұмысты сіздермен бірге атқарып жатырмыз, сондықтанда үлкен ризашылығымды білдіремін.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *