ЕКІ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
«Асарлатып үй салу» жобасы аясында Талас ауданында бір емес екі отбасы баяспаналы болды. Бұл екі отбасының ғана емес күллі ауылдағы ағайынның бірлесе жасаған жұмыстарының нәтижесі.
Талас ауданы, Қызыләуіт ауылдық округінде жалғызбасты анаға белсенді азаматтар қол ұшын созып, үй тұрғызып берді. Төрт бөлмелі тұрғын үйдің жалпы құны 3,2 млн теңге болған. Құрылысы аяқтала салысымен Айнагүл Түсіпбаеваға баспананың кілті табысталды.
Айнагүл ТҮСІПБАЕВА АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Балалар жаздан бастап жұмыс жасап жатырғандарына 5 ай болды. Міне, нәтижесі керемет. Көпшілікке, атсалысқан халыққа ризашыығм шексіз. ///
Жалпы, «Асарлатып үй салу» жобасы қазақ топырағында қалыптасқан игі дәстүрдің жалғасы. Бұл тек мұқтаж жандарға үй салып беру ғана емес, елдің бірлігі мен ынтымағының, татулығының көрінісі. Игі істі абыроймен атқаруға атсалысқан азаматтарға, жаңа қоныс иесіне ауданның Құрметті азаматы ақ батасын берді.
Дәл осындай қоныс той қуанышы Бостандық ауылында да аталып өтті. Мұнда баспаналы болу бақыты бес баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана Қапиза Үкібаеваға бұйырды. Айта кетейік, Бұл Бостандық ауылында екі жыл көлемінде жомарт жандардың көмегімен мұқтаж отбасыларына арналып соғылған төртінші баспана.