ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ 30% ЕСКІРГЕН
Бүгін Тараз қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырмасыншы сессиясы өтті. Қалалық әкімдікте жиналған депутаттар қоғамдық көлік мәселесін көтерді. Сондай-ақ, қаланың бас жоспары мен бюджеті қаралды.
Қала белсенділері қоғамдық көлік мәселесін тағы да айтты. Иә, бұл жолы құлаққа жетті ме, әйтеуір шаһар басшысы автопарктерде мәселенің шаш етектен екенін мойындады. Айтуынша, автобустардың 30 пайызы ескірген. Жалпы, қаладағы 9 компанияның 6-ында ғана автопарк бар. Яғни, қалған 3 компания тек жалға алынған автобустар арқылы жұмыс жасайды. Нақтысы, бұл да қаражаттың көптеп кетуіне және қала аумағында ескі автобустардың әлі күнге дейін жүруіне ықпал етуде.
Бақытжан ОРЫНБЕКОВ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Мен не айтқым келіп тұр. Автопарктер негізі 3 жылда 200 автобусқа жаңару қажет. Ал, автобустың орташа бағасы 40 млн теңге. Сонда барлығы 8 млрд керек. Жалпы, бізде 9 компания бар. Яғни, біз автобус алу үшін қаражат бөлмейміз. Мұны автопарктер өздері жабады.