ТАРАЗДА 50 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӨНДЕЛУДЕ
Облыс орталығы Тараз қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге Республикалық бюджеттен 3 223 637 000 теңге бөлінді. Аталған қаржыны игеру мақсатында 50 үйді жөндеу бойынша құжат дайындалып, мердігерлер нақтыланыпты. Қазіргі кезеңде 40 үйде модернизациялау жобасы басталып кетті. 2020-2025жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуда.
Айта кетейік, өткен жылы жоба бойынша тапсырма толық өз деңгейінде орындалған. Қала басшылығының мәліметінше, 247 190 000 теңгеге, 57 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Дәл осйлай жылдағы меже бойынша белгіленген тапсырмалар өз деңгейінде орындала берсе, шаһарда жарқыраған, алыстан мен мұндалап тұратын үйлер саны 100 пайызға жетпек. Қазіргі көрсеткіш 80 пайыз. Бұл әрине, облыс орталығының келбеті үшін ғана емес мұндағы жергілікті тұрғындар үшін аса қажетті жұмыстардың бірі болмақ.